Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

15.10.2026

ТҮЙНЕМЕ – ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ!

Түйнеме (сібір жарасы) – адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды Bacillus anthracis бактериясы қоздырады. Инфекция көбіне ауру малдан, оның еті мен терісінен, сондай-ақ ластанған топырақ арқылы жұғады.
Ауру қалай жұғады?
🔹 Ауру немесе мәжбүрлі сойылған малды күту, сою және етін бөлшектеу кезінде;
🔹 Ветеринариялық тексеруден өтпеген етті тұтынғанда;
🔹 Жануардың терісі, жүні және басқа да өнімдерімен жанасқанда;
🔹 Ауру қоздырғышы түскен топырақпен байланыста болғанда.
Аурудың негізгі белгілері:
🔸 Дене қызуының көтерілуі;
🔸 Әлсіздік, бас ауруы;
🔸 Терінің қышуы, қызаруы;
🔸 Жұққан жерде көпіршік пайда болып, кейін ортасында қара қабыршақ қалыптасуы; 🔸 Кейбір жағдайларда іштің ауыруы, жүрек айну және тыныс алудың қиындауы мүмкін.
Сақтану жолдары:
✅ Етті тек ветеринариялық бақылаудан өткен, арнайы рұқсаты бар орындардан сатып алыңыз.
✅ Ауру немесе кенеттен өлген малдың етін пайдаланбаңыз.
✅ Мал сою жұмыстарын ветеринариялық талаптарды сақтай отырып жүргізіңіз.
✅ Малдың ауру белгілері байқалса, дереу ветеринар маманға хабарласыңыз.
✅ Күдікті етті сатып алмаңыз және тұтынбаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Түйнеме – адам өміріне қауіп төндіретін ауру. Егер ауруға күдікті малмен немесе етпен байланыста болғаннан кейін жоғарыда аталған белгілер байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетіңізше ем қабылдамаңыз.
Аурудың алдын алу – әр адамның жауапкершілігі!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу