Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

05.05.2026

5 мамыр – Дүниежүзілік қол гигиенасы күні

Бұл күн бүкіл әлемде қол гигиенасының маңыздылығын насихаттау мақсатында аталып өтеді. Аталған бастаманы көтеріп, адамдарды инфекциялардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ тиімді әдет – қол жууға шақырады.

🦠 Қол арқылы көптеген қауіпті аурулар, соның ішінде ішек инфекциялары, тұмау, вирустық аурулар оңай таралады. Уақтылы және дұрыс қол жуу – осы дерттердің алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

💧 Мамандардың айтуынша, қолды сабынмен кемінде 20 секунд жуу қажет. Әсіресе, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, көшеден келген соң және науқас адаммен байланыстан кейін қол жуу өте маңызды.

🏥 Қол гигиенасы медицина мекемелерінде де аса маңызды рөл атқарады. Дәрігерлер мен медбикелердің қол тазалығын сақтау – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.

👨‍👩‍👧‍👦 Қарапайым гигиена ережелерін сақтау арқылы әр адам өз денсаулығын ғана емес, айналасындағы адамдардың да амандығын қорғай алады. Қолды таза ұстау – денсаулық кепілі!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу