Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
07.04.2026
7 сәуірде әлем бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Бұл күн 1948 жылы аталған ұйымның құрылған күніне орай белгіленген. Негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Денсаулық – адамның ең басты байлығы. Қазіргі таңда жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, онкологиялық аурулар сияқты созылмалы сырқаттар кең таралған. Мұндай аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту және уақтылы медициналық тексеруден өту өте маңызды.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында түрлі акциялар, тегін медициналық тексерулер, спорттық шаралар ұйымдастырылады. Бұл шаралар халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Әр адам өз денсаулығына жауапты екенін ұмытпауы керек. Денсаулықты сақтау – тек дәрігерлердің емес, әрбір адамның күнделікті әдетіне байланысты. Сондықтан дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі.







