Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

10.01.2026

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚЫЗЫЛША!

Қызылша – ауа-тамшы жолымен таралатын өте жұқпалы вирустық ауру. Ауру әсіресе балалар арасында жиі кездеседі, бірақ ересектер де ауыруы мүмкін.
Негізгі белгілері: – дене қызуының жоғарылауы
– әлсіздік, бас ауруы
– мұрыннан су ағу, жөтел
– көздің қызарып, жас ағуы
– денеде қызыл бөртпенің пайда болуы (әдетте беттен басталып, бүкіл денеге таралады)
Қауіптілігі:
Қызылша асқынған жағдайда өкпенің қабынуына, ортаңғы құлақтың қабынуына, энцефалитке және басқа да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Алдын алу жолы:
Қызылшадан қорғаудың ең тиімді тәсілі – вакцинация. Уақытында егілген адамдарда ауру жеңіл өтеді немесе мүлде болмайды.
Маңызды:
Ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу