Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

26.08.2026

АИТВ/ЖИТС – алдын алу және ақпараттандыру

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ инфекциясының алдын алу және жастардың медициналық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жасыл ел» жасақшыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, ал ЖИТС – АИТВ инфекциясының асқынған кезеңінде дамуы мүмкін жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы екені түсіндірілді.

Сонымен қатар АИТВ-ның негізгі берілу жолдары – қан арқылы, қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға берілуі мүмкін екені айтылды. Ал АИТВ қол алысу, құшақтасу, бірге тамақтану, бассейн немесе қоғамдық орындарды пайдалану арқылы жұқпайды.

Жастарға АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке гигиена құралдарын ортақ пайдаланбау, қауіпсіз мінез-құлықты ұстану және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. АИТВ мәртебесін анықтаудың сенімді жолы – арнайы тестілеуден өту. Қазақстанда АИТВ-ға тестілеуді құпия әрі тегін тапсыруға болады.

Денсаулық – әр адамның өз қолында! Ақпараттану, алдын алу және жауапкершілік – АИТВ инфекциясының таралуына тосқауыл қоюдың маңызды қадамдары.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу