Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
14.05.2026
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ мен ЖИТС ұғымдарының айырмашылығы түсіндіріліп, аурудың адам ағзасына тигізетін әсері туралы мәліметтер айтылды. Сонымен қатар, жеке бас гигиенасын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық туралы білімдерін арттыру, АИТВ/ЖИТС жөнінде дұрыс түсінік қалыптастыру және қоғамда қауіптің алдын алу мәдениетін нығайту болды.
«АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу»
№40 мектепте оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты қорғау мақсатында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында емхананың медицина мамандары жасөспірімдерге аталған дерттің қауіптілігі, жұғу жолдары және оның алдын алу тәсілдері жөнінде кеңінен ақпарат берді.








