Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

06.08.2026

Ана сүті – табиғаттың өзі жаратқан бірегей тағам

Өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен қоректендіру баланың қоректік заттарға, энергияға және сұйықтыққа деген физиологиялық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Тек омырау сүтімен қоректенетін дені сау нәрестеге алты айға дейін су, шай немесе басқа да сусындар қажет емес.
Ана сүті:
✔️ иммундық жүйенің жетілуіне ықпал етіп, баланы инфекциялардан қорғауға көмектеседі;
✔️ ішектің сау микробиотасының қалыптасуын қолдайтын пайдалы бактерияларды қамтиды;
✔️ өсіп келе жатқан баланың қажеттіліктеріне сәйкес құрамын өзгертіп отырады;
✔️ нәрестенің өзін жайлы әрі тыныш сезінуіне көмектеседі.
Ана сүтімен қоректендірудің пайдасы тек бала үшін ғана емес, ана үшін де зор. Ол сүт безі мен аналық без обырының, 2-типті қант диабетінің және жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін төмендетеді.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу