Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
07.07.2026
Иммунитетті нығайтады.
Ас қорыту жүйесіне жеңіл сіңеді.
Мидың дамуына оң әсер етеді.
Дұрыс өсу мен дамуды қамтамасыз етеді.
Босанғаннан кейін жатырдың тез жиырылуына көмектеседі.
Босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетеді.
Сүт безі мен аналық без обырының даму қаупін азайтады.
Қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Ана мен сәби арасындағы эмоционалдық байланысты күшейтеді.
Нәрестені туғаннан кейін алғашқы бір сағат ішінде емізуді бастаған дұрыс.
Баланы сұранысы бойынша емізу ұсынылады. Бұл сүттің жеткілікті бөлінуіне ықпал етеді.
Алғашқы 6 айда нәрестеге ана сүтінен басқа су, шай немесе қосымша тағам берудің қажеті жоқ (дәрігердің арнайы ұсынысы болмаса).
Әр емізген сайын кеудені толық босатуға тырысыңыз.
Ана дұрыс тамақтанып, жеткілікті сұйықтық ішіп, демалыс режимін сақтауы қажет.
Ана сүтімен қоректендіру – сәби денсаулығының берік негізі
Ана сүті – жаңа туған нәресте үшін ең құнды әрі табиғи тағам. Ол баланың дұрыс өсіп-жетілуіне қажетті барлық дәрумендерге, минералдарға, ақуыздарға, майларға және көмірсуларға бай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) нәрестені өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен қоректендіруді, ал қосымша тағам енгізілгеннен кейін 2 жасқа дейін және одан да ұзақ емізуді ұсынады.
Ана сүтінің балаға пайдасы
Ана сүтінің құрамындағы антиденелер мен қорғаныш факторлары нәрестені түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ана сүтімен қоректенетін балаларда ішек инфекциялары, тыныс жолдарының аурулары, аллергиялық аурулар сирек кездеседі.
Ана сүті нәрестенің асқазан-ішек жолына толықтай бейімделген. Сондықтан ол жеңіл қорытылады және іш қату, іштің кебуі сияқты мәселелердің алдын алады.
Ана сүтіндегі омега-3 май қышқылдары мен басқа да қоректік заттар баланың ақыл-ойының, есте сақтау қабілетінің және жүйке жүйесінің қалыпты дамуына ықпал етеді.
Ана сүті баланың сүйек, бұлшықет және барлық ағзаларының дұрыс қалыптасуына қажетті барлық қоректік заттарды қамтиды.
Ана сүтінің анаға пайдасы
Емізуді қалай дұрыс ұйымдастыру керек?







