Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

05.08.2026

Ана сүтімен қоректендірудің маңызы

Ана сүтімен қоректендіруді бала бір жасқа толғаннан кейін де жалғастыру маңызды.
Қосымша тамақ енгізілгеннен кейін де ана сүті баланың өсуі мен дамуына қажетті энергияның, қоректік заттардың және қорғаныш факторларының маңызды көзі болып қала береді.
ДДCҰ мыналарды ұсынады:
✔️ өмірінің алғашқы 6 айында баланы тек ана сүтімен сүтімен қоректендіру;
✔️ 6 айдан кейін қауіпсіз әрі құнарлы қосымша тамақ енгізе отырып, ана сүтімен қоректендіруді жалғастыру;
✔️ ана сүтімен қоректендіруді екі жасқа дейін және одан да ұзақ, ана мен баланың қалауына қарай жалғастыру.
Ана сүті бала бір жасқа толғаннан кейін де өз пайдасын сақтайды:
✔️ баланы энергиямен және қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді;
✔️ иммундық жүйені қолдап, инфекциялардан қорғауға көмектеседі;
✔️ баланың дені сау өсуі мен дамуына ықпал етеді және болашақта артық дене салмағының даму қаупін төмендетеді.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу