Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
01.03.2026
АРДАГЕР АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Шұғылалы көктемнің алғашқы лебін ала келген Алғыс айту күні – ел бірлігі мен өзара ризашылықты дәріптейтін, үлкенге құрмет, өткенге тағзым білдіретін ерекше мереке. Осыған орай Шу қалалық емханасының ұжымы тарапынан көп жылдар бойы халық саулығы жолында аянбай еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді.
Шара барысында ардагер дәрігерлердің кәсіби біліктілігі, адам жанына деген жанашырлығы мен адалдығы – бүгінгі буын мамандарға үлгі-өнеге екені атап өтілді. Бұл – олардың ұзақ жылғы еңбегіне деген шынайы ризашылықтың белгісі.
Аға буынның ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі – ұжым үшін қашанда қымбат қазына!







