‼️Егер науқастың сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

1️⃣Қол жетімді жолдарды қолдана отырып, қарыздардың бар-жоқтығын және мерзімдерін тексеру керексіз
2️⃣Егер қарыз болсаңыз, оны төлеу немесе жою қажет, бірақ қарастыратын уақыт алдыңғы 12 айдан аспауы керек (мысалы осы жылдың қаңтар айынан келесі жылдың қаңтар айна дейін).
Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі

✔️Егер адам жеке кәсіпкер болса немесе БЖТ төлеушісі ​​болса, өзі төлесе, онда қарызды дербес төлеуші ​​ретінде төлеуге болады

🔣Егер қарыз жеке кәсіпкерден (ЖК), шаруа қожалығының (ШҚ) иелерінен, жеке практикамен айналысатын адамдардан, қызметкерден немесе азаматтық -құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын адамнан анықталса, онда сіз төлемдердің мәртебесін тексеруіңіз керек. Жіберілген төлемдердің мәртебесі, ол қайтарылған болуы мүмкін, содан кейін сіз қарыз бен пайыздарды төлеуіңіз қажет.

⚠️Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, сіз бұл кезеңдердегі ақшаны қайтара аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінімге төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

*

‼️Если у пациента отсутствует статус застрахованности, что нужно делать?

1️⃣Проверить статус и периоды задолженности с использованием доступных ресурсов
2️⃣Если имеется задолженность, то нужно оплатить её или устранить, но не более чем за 12 предыдущих месяцев (с текущего месяца этого года по текущий месяц прошлого года).
Статус застрахованности будет присвоен в течение 3х рабочих дней

✔️Если человек самозанятый или плательщик ЕСП, самостоятельный плательщик, то задолженность можно оплатить как самостоятельный плательщик

🔣Если выявилась задолженность у индивидуального предпринимателя (ИП), владельцев крестьянского хозяйства (КХ), лиц, занимающихся частной практикой, работника или у того, кто работает по договору гражданско-правового характера (ГПХ), то нужно проверить статус отправленных платежей, возможно были возвраты, тогда нужно оплатить задолженность и пеню

⚠️ Если платежи были ошибочно уплачены за другой период или неверно оформлены платежные документы, то можно вернуть деньги за эти периоды. Для этого нужно написать заявление в НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан», указать причину ошибки и к заявлению приложить документы, подтверждающие оплату

#МӘМС #ОСМС #мәртебе #статус #аударымдар #взносы #берешек #задолженность

Сіздерді Халықаралақ мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

✨Құрметті мейірбикелер!

Медицина саласының ең
жауапты жүгін көтеріп, сырқат жандардың жанына араша болып, аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге алғыс айта отырып, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық, тілейміз. Қызметте табысты болып, жан дүниелеріңіз шаттыққа бөленсін.

✨ Уважаемые медицинские сестры!
От всей души поздравляем Вас с Днем медицинской сестры!
Примите теплые и искренние поздравления с профессиональным праздником. В этот замечательный день хочется выразить уважение и признательность каждому из Вас, тем, кто посвятил свою жизнь служению здоровью человека. От всей души желаем крепкого здоровья, благополучия, новых успехов, высоких профессиональных достижений, поддержки и понимания коллег, счастья, удачи и уверенности в будущем!

🔶Аналар күні құтты болсын!

Қазақстанда биыл алғаш рет мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күні тойланады.
Бұл күн ананың әр адамның өміріндегі, оны тәрбиелеудегі, отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және қоғамды қалыптастырудағы айрықша маңызды екенін көрсетеді.
Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға денсаулық, амандық, бақ-береке тілейміз.
Мереке құтты болсын!

🔶С Днем матери!
В Казахстане с этого года во второе воскресенье мая отмечается один самых важных праздников — День матерей. Этот особенный день подчеркивает исключительное значение, которое имеет мама в жизни каждого человека, в его воспитании, в укреплении семейных ценностей и формировании казахстанского общества.
Желаем нашим мамам, которые подарили нам жизнь, крепкого здоровья, счастья и благополучия!
С праздником!

‼️МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

✔️ Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) көрсететін медициналық ұйымдардың біріне тіркелу қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері қатарынан болуы керек екенін есте ұстаған жөн.

🔴Егер сіз әлі тіркелмеген болсаңыз, уақыт бөліп, тіркелгеніңіз жөн. Онсыз сіз дәрігердің қабылдауына және диангонстикадан өте алмайсыз. Сондай-ақ көмектің басқа да түрлеріне жолдама берілмейді.

✔️ Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге «сақтандырылған»мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot жеделхат-ботының көмегімен тексеруге болады

✔️ Үшінші. Емханаға жоспарлы бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе сіздің қалаңыздың бірыңғай байланыс орталығы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасау тиімді. Талонды алу үшін қабылдауға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезек жұмыс істейді

📌 Сіз участкелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманға жүгіне алмайтыныңызды есте ұстаған жөн

✔️ Төртінші. Участкелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген талдаулар тізіміне жолдама береді. Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға кеңес береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ

‼️ ЗЕРТТЕУГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ

🔴 Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары: 1414 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қор сайты арқылы хабарласа аласыз www.fms.kz, Telegram-дағы Saqtandyry-bot

#мәмс #осмс #тмккк #гобмп #участкелідәрігер #участковыйврач

#жеңіскүні #деньпобеды #9мамыр #9май

🔰Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай 9 мамыр күні Шу қаласы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке Шу қалалық емханасының ұжымы гүл шоқтарын қойып, қазіргі бейбіт өмір үшін жанын берген ардагерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонау сұрапыл соғыс жылдарының тарихын есте сақтау, Қазақстандық батырлардың жауынгерлік ерлігін қастерлеу, көздің қарашығындай қорғау – біздің қасиетті парызымыз.

Халқымыз үшін қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!

⚜️Қымбатты ардагерлер!
Құрметті жерлестер!

Бүгін — жанқияр ерлік пен еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы мереке. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп, жеріне қорған болған азаматтарды әрқашан ерекше құрмет көрсете білген.

Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз – Отан үшін от кешкен батырларға кенде емес. Сол себепті елдік жолында күрескен ұландар қашанда ұлықтауға лайықты.
Біз есімдері тарихтың бетінен мәңгі өшпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!
Ерлік Даңқы өшпейді!

Осынау Ұлы күнде әр шаңыраққа шаттық, ырыс пен бақ-береке орнасын.

Елдігіміз еңселі, болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жеңіс жалауы мәңгі желбіресін!

#РақметДәрігер #БлагодарюДоктор

📢Алғыс біздің дәрігерлерімізге келді.
Емлесі мен стилистикасы сақталған.

Благодарность пришла в адрес наших врачей в direct. Орфография и стилистика обращения сохранены.

Салеметсізбе. Мен Мұрат Би-Сұлтанның анасы Бақытнұр. Балам СМА-1(ең ауыр түрі) дертімен ауырады. Шу қалалық емханасында 1жарым жасына дейін тіркеуде болды. Осы орайда Шу қалалық емханасының балалар дәрігері Жаннұр Сериковнаға және Рабия Тоқсабаевнаға алғысымды айтқым келеді.
Ақпан айында біз Алматы қаласы Алатау ауданы 29 поликлиникаға тіркеуге алындық, содан бері сіздер берген балаға қажетті материалдарды Алматы қаласы бере алмай отыр.
Сіздерге жақсы қызмет көрсеткендеріңізге Рахмет!

⁉️Бағдарламаға кімдер қатыса алады?*

✅Бұл емшара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған қазақстандық отбасылық жұптар қатысады. Олар қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары белгілеген репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейінгі медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет. МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.

*⁉️МӘМС аясында ЭКҰ жасайтын клиникалардың тізімін
қайдан көруге болады?*

✅Қазір елімізде 19 клиника (1 мемлекеттік және 18 жекеменшік) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жұмыс істейді. Жыл сайын квоталар аймақтарға сәйкес бөлінеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары бұл тізімде көш бастап тұр. Атап айтар болсақ, МӘМС шеңберінде жұмыс істетін Алматы қаласындағы 7 клиникада 2 мыңға тарта жасанды ұрықтандыру әдісі жасалды.
Айта кету керек, пациент Қор сайтына кіріп, клиниканы өзі таңдай алады. Ол үшін fms.kz ресми сайтында «Пациент үшін», ары қарай «Клиниканы таңдау» батырмасын басып, «ЭКҰ қызметтерін көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесін» ашу керек. Ол жерде клиникалардың тізімі, мекенжайы және телефоны көрсетілген.