Ішімдікке тәуелділік – денсаулыққа қауіпті дерт

Ішімдікке тәуелділік – адамның алкогольді ішімдіктерді үнемі және бақылаусыз тұтынуға әкелетін созылмалы ауруы. Бұл жағдай адамның физикалық және психикалық денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасы мен қоғамдағы қарым-қатынасына да теріс әсер етеді.
Алкогольді шамадан тыс пайдалану бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, жүйке жүйесі ауруларының дамуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар есте сақтау қабілетінің төмендеуі, күйзеліс, ашушаңдық және еңбекке қабілеттіліктің азаюы байқалады.
Ішімдікке тәуелділіктің алғашқы белгілері:
✅ Алкогольге жиі құмарлықтың пайда болуы;
✅ Ішімдік мөлшерін бақылаудың қиындауы;
✅ Алкоголь болмаған кезде мазасыздық сезіну;
✅ Отбасы мен жұмыс міндеттерін елемеу.
Тәуелділік емделеді. Уақытында маманға жүгіну адамның денсаулығын сақтауға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.
Денсаулығыңызды күтіңіз! Қажет болған жағдайда емхана мамандарынан кеңес алуға болады

МӘМС бойынша кезекті штаб отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетованың төрағалығымен халықты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту мәселелеріне арналған өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиынға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбаева, Тараз қаласындағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ аудан әкімдерінің орынбасарлары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жетекшілері онлайн форматта қатысты.
Отырыста Қор филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова өңірдегі МӘМС жүйесінің қазіргі ахуалы мен халықты сақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, бүгінде облыста 980 965 адам сақтандырылған. Бұл өңір халқының 83,5 пайызын құрайды. Ал сақтандырылмаған азаматтар саны 193 268 адамға жеткен. Сақтандырылмағандардың басым бөлігі Қордай, Меркі, Шу, Жуалы аудандары мен Тараз қаласында тіркелген.
– Облыс бойынша сақтандырылмаған азаматтар жұмыс істейтін ТОП-100 мекеменің тізімі жасалды. Талдау нәтижесінде маусымдық жұмысшылар, ақысыз еңбек демалысына шыққан қызметкерлер және білім саласындағы еңбек демалысындағы мамандар үшін әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылмауы олардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесінен айырылуына себеп болғаны анықталды, – деді филиал басшысы.
Осыған байланысты Айжан Есмағамбетова жұмыс берушілерге қызметкерлер үшін әлеуметтік төлемдерді уақытылы аударудың маңыздылығын атап өтіп, мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, тұрақты мониторинг ұйымдастыруды және атқарылған жұмыстар туралы Қор филиалына ақпарат беруді тапсырды.
Сондай-ақ, Ғайни Аймағанбетова Жуалы ауданында жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. Оның айтуынша, аудан бойынша Қор құрылған уақыттан бері МӘМС жүйесіне бірде-бір төлем жасамаған 3 133 азамат анықталған.
Жиын қорытындысында Айжан Есмағамбетова жергілікті атқарушы органдар жарна төлейтін D және E санатындағы, «Отбасы картасына» енгізілген азаматтардың нақты санын анықтауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімдірінің орынбасарларына ТОП-100 мекеме қызметкерлерімен және МӘМС жүйесіне мүлде төлем жасамаған азаматтармен жұмысты күшейтуді және жеке кісіпкер болып тіркелген, алайда, уақытылы жарнамаларды төлемеген азаматтарды анықтап, олардың тізімін Салық органдарына берді тапсырды.
Айжан Серікбайқызы өңірлік штаб отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы бір айдан кейін қайта қаралатынын айтты. Осыған орай аудан әкімдерінің орынбасарларына шілде айына дейін толық зерделеу жұмыстарын жүргізу жүктеді.

ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРБІР ЕР АЗАМАТ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

15-25 маусым аралығында Қуықасты безі обырына қарсы күрестің дүниежүзілік күніне орай Ерлер денсаулығы онкүндігі өткізіледі.
Қуықасты безі обыры – ер адамдар арасында жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі. Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілері болмауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде тексеруден өту қатерлі ісікті ерте анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Қауіп факторлары:
🔹 50 жастан асу;
🔹 Тұқым қуалаушылық;
🔹 Дұрыс тамақтанбау;
🔹 Артық салмақ;
🔹 Қимыл-қозғалыстың аздығы;
🔹 Зиянды әдеттер.
Негізгі белгілері:
▪ Зәр шығарудың қиындауы;
▪ Жиі дәретке бару;
▪ Түнгі уақытта зәр шығарудың көбеюі;
▪ Зәр шығару кезінде ауырсыну немесе жайсыздық;
▪ Зәрде немесе шәуетте қанның пайда болуы.
Мұндай белгілер байқалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы – профилактикалық тексерулерден уақытылы өту. Ерте анықталған аурудың ем нәтижесі әлдеқайда жоғары болады.
Құрметті ер азаматтар! Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексеруден өтуді кейінге қалдырмаңыз!

Есірткіге тәуелділік және оның зияны

Есірткіге тәуелділік – қазіргі қоғамдағы ең өзекті әрі қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, айналасына және жалпы қоғамға үлкен зиян келтіреді. Есірткі заттарын қолдану адамның жүйке жүйесін бұзып, психикалық және физикалық тәуелділікке алып келеді.
Ең алдымен, есірткі адамның денсаулығын қатты әлсіретеді. Ол бауыр, жүрек, өкпе сияқты маңызды мүшелердің жұмысын бұзады, иммунитетті төмендетеді. Уақыт өте келе адамда есте сақтау қабілеті нашарлап, ойлау жүйесі бұзылады. Сонымен қатар, психикалық ауытқулар, депрессия, агрессия сияқты жағдайлар жиі кездеседі.
Екіншіден, есірткіге тәуелді адам өз өмірін бақылаудан айырылады. Ол оқудан, жұмыстан, болашақ жоспарларынан қол үзіп, тек сол зиянды затқа тәуелді болып қалады. Бұл жағдай отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуына, сенімнің жоғалуына әкеледі.
Үшіншіден, есірткі қылмыс деңгейінің артуына себеп болады. Тәуелді адамдар көп жағдайда есірткі сатып алу үшін заңсыз әрекеттерге барады. Бұл қоғамдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.
Сондықтан есірткіге тәуелділіктің алдын алу – әр адамның, отбасының және мемлекеттің ортақ міндеті. Жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа және білімге қызығушылығын арттыру өте маңызды.

Оқырман сұрағына жауап

Мен мұғалім болып жұмыс істеймін және 56 күндік демалысым бар. Мәртебемді жоғалтпау үшін менің ұйымым МӘМС төлемін қалай төлеуі керек?

Ұзақтығы бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңін қамтитын табысты есептеу (есептеу) кезінде аударымдар мен жарналар демалыс күндерінің санына барабар есептелген айлар бойынша бөлініп, демалыс кезеңін қамтитын табыстың біржолғы есептелген сомасынан аударылады.

Яғни, егер демалыс бірнеше айды қамтыса, төлемдерді МӘМС-ке тиісінше кезеңдер бойынша бөлу қажет.

Мысалы, қызметкер маусымның аяғынан тамыздың басына дейін демалыста болады. Бұл жағдайда бухгалтер төлемдерді бір емес, үш түрлі кезең үшін – маусым, шілде және тамыз айларындағы демалыс күндеріне пропорционалды түрде есептеп, төлеуі керек.

Жазғы демалыста оқушылар денсаулығын қалай қорғауға болады?

Жазғы демалыс – оқушылардың денсаулығына ерекше көңіл бөлетін ең қолайлы кезең. Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінің қатысушылары болып есептеледі. Балалар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейтіндіктен, олар қажетті медициналық көмекті тегін ала алады.
2026 жылы Жамбыл облысында балалардың профилактикалық тексерулері мен скринингтеріне 2 101,4 млн теңге, мектеп медицинасына 1 668,2 млн теңге қарастырылған. Жаз мезгілінде балалар тіркелген емханаларында профилактикалық тексеруден өтіп, вакцинация немесе ревакцинация ала алады. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС аясында шұғыл және жоспарлы медициналық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер, зертханалық және аспаптық зерттеулер (УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ және т.б.) қолжетімді.
Қажет болған жағдайда балалар офтальмолог, ЛОР, хирург, стоматолог сияқты бейінді мамандардың кеңесін алып, медициналық оңалту қызметтерін пайдалана алады. Оңалту бағдарламасына емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия және басқа да қалпына келтіру шаралары кіреді.
Жазғы демалыс – аурулардың алдын алып, балалардың денсаулығын нығайтуға таптырмас мүмкіндік. Сондықтан ата-аналарға осы кезеңде балаларын профилактикалық тексеруден өткізу ұсынылады.

Темекіге тәуелділік – денсаулыққа үлкен қауіп

Темекі шегу – адам ағзасына елеулі зиян келтіретін зиянды әдеттердің бірі. Темекі құрамындағы никотин қысқа уақыт ішінде тәуелділік қалыптастырып, одан бас тартуды қиындатады.
Темекі шегу жүрек-қан тамырлары ауруларының, өкпе обырының, тыныс алу жүйесі сырқаттарының және басқа да көптеген аурулардың даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, темекі түтіні айналадағы адамдардың денсаулығына да кері әсер етеді.
Өз денсаулығыңызды қорғаңыз! Темекіден бас тарту – ұзақ әрі сапалы өмір сүруге жасалған маңызды қадам. Салауатты өмір салтын таңдап, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз.

Таразда халық денсаулығын қолдауға бағытталған «Денсаулық аралы” акциясы өтті

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиалы мен №2 қалалық емхананың ұйымдастыруымен кезекті «Денсаулық аралы » акциясы өтті. 👩🏻‍⚕️🩺

📍 Іс-шара «НурИслам» сауда орталығында ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін медициналық-консультациялық көмек көрсетілді.

Акция барысында:
✅ кардиолог, эндокринолог, терапевт кеңесі берілді
✅ қан қысымы мен қандағы қант деңгейі өлшенді
✅ алғашқы медициналық тексерулер жүргізілді
✅ салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар айтылды
✅ МӘМС жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Іс-шараға қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын! 💚

АЛКОГОЛЬГЕ ТӘУЕЛДІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗИЯНЫ

Алкогольге тәуелділік – адамның алкогольдік ішімдіктерді тұрақты және шамадан тыс қолдануы нәтижесінде дамитын созылмалы ауру. Бұл тек жеке адамның емес, сонымен қатар отбасы мен қоғамның денсаулығына да үлкен қауіп төндіреді.
Алкоголь ағзаның барлық жүйесіне кері әсер етеді. Әсіресе, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, жүйке жүйесі және асқазан-ішек жолдары қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт бойы алкоголь қолдану бауыр циррозы, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, онкологиялық аурулар сияқты ауыр дерттердің дамуына әкелуі мүмкін.
Алкогольге тәуелділіктің негізгі белгілері:
🔹 Ішімдікке деген құштарлықтың күшеюі
🔹 Шамадан тыс және жиі тұтыну
🔹 Ішпеген кезде ашушаңдық, мазасыздық
🔹 Есте сақтау қабілетінің төмендеуі
🔹 Отбасылық және әлеуметтік проблемалардың туындауы
Алкоголь тек денсаулыққа ғана емес, адамның әлеуметтік өміріне де кері әсер етеді. Жұмыс қабілетінің төмендеуі, отбасындағы жанжалдар, құқықбұзушылықтар – көбіне осы тәуелділіктің салдары.
Алдын алу және көмек алу жолдары:
✅ Салауатты өмір салтын ұстану
✅ Уақтылы медициналық және психологиялық көмекке жүгіну
✅ Отбасы мен қоғам тарапынан қолдау
✅ Дәрігер-нарколог кеңесін алу
Егер сіз немесе жақындарыңыз осы мәселеге тап болса, медициналық көмекке жүгінуден тартынбаңыз. Ерте көмек – толық сауығудың басты кепілі.

Бас және мойын ісіктері: ерте анықтау – тиімді емнің кепілі

Бас және мойын ісіктері – ауыз қуысы, тіл, ерін, жұтқыншақ, көмей, мұрын қуысы, сілекей бездері және қалқанша безі аймағында пайда болатын қатерлі немесе қатерсіз ісіктер. Бұл аурулар ерте кезеңде анықталған жағдайда емдеу нәтижесі әлдеқайда тиімді болады.
Бас және мойын ісіктерінің пайда болуына темекі шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, адам папиллома вирусы (HPV), зиянды өндірістік факторлар, дұрыс тамақтанбау және ауыз қуысы гигиенасының сақталмауы әсер етуі мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері:
🔹 Мойын аймағында түйіннің немесе ісіктің пайда болуы;
🔹 Дауыстың қарлығуы немесе өзгеруі;
🔹 Ұзақ уақыт жазылмайтын ауыз қуысының жаралары;
🔹 Жұтынудың қиындауы немесе ауырсынуы;
🔹 Мұрынның тұрақты бітелуі немесе қан кетуі;
🔹 Құлақтағы ауырсыну немесе естудің нашарлауы;
🔹 Себепсіз салмақ жоғалту.
Егер аталған белгілердің бірі бірнеше апта бойы сақталса, міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Алдын алу шаралары:
✅ Темекі мен алкогольден бас тарту;
✅ Дұрыс және теңгерімді тамақтану;
✅ Ауыз қуысының тазалығын сақтау;
✅ Вирустық инфекциялардың алдын алу;
✅ Тұрақты профилактикалық медициналық тексерулерден өту.
Денсаулыққа немқұрайлы қарамаңыз! Бас және мойын ісіктерін ерте анықтау өмірді сақтап қалуға және емдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Уақытылы тексеріліп, өз денсаулығыңызды қорғаңыз!