Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

20.05.2024

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Жібек жолы мектеп лицейінде ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, сонымен қатар, жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының (әсіресе мотокөлікпен) алдын алу, интернет алаяқтықтың алдын алу,
суға шомылу және табиғат аясында демалыс ұйымдастыру маусымының басталуына байланысты, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балаларды суға шомылу кезіндегі рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол бермеу, көктемгі егіс жұмыстары науқанында ,техникамен атқарылатын жұмыстарға, балалардың араласпауын бақылауда ұстау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыздар.

Бас дәрігерінің міндетін атқарушы

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу