Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
29.07.2026
Жаңа туған нәрестеге БЦЖ вакцинасын уақытылы салдыру;
Баланы профилактикалық медициналық тексерулерден өткізу;
Дұрыс тамақтану және иммунитетті нығайту;
Үй-жайларды жиі желдетіп, тазалық сақтау;
Отбасында немесе жақын ортада туберкулезбен ауырған адам болса, дәрігердің бақылауында болу.
Балалардағы туберкулездің алдын алу – әр ата-ананың жауапкершілігі
Туберкулез – Mycobacterium tuberculosis бактериясы қоздыратын жұқпалы ауру. Ол көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа ағзаларға да әсер етуі мүмкін. Балалардың иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан, олар бұл ауруға әсіресе осал келеді.
Туберкулез қалай жұғады?
Ауру негізінен туберкулезбен ауыратын адамның жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде ауаға таралатын бактериялары арқылы жұғады.
Балалардағы негізгі белгілері:
• 2 аптадан астам уақытқа созылған жөтел;
• Дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуі;
• Әлсіздік, тез шаршау;
• Тәбеттің төмендеуі;
• Салмақ қоспау немесе салмақ жоғалту;
• Түнгі тершеңдік.
Бұл белгілер байқалса, өздігінен емделмей, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Алдын алу жолдары:
Туберкулез – ерте анықталса, емделетін ауру. Баланың денсаулығына бейжай қарамай, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп тұрыңыз.







