Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

23.07.2026

БОТУЛИЗМ – ӨМІРГЕ ҚАУІПТІ АУРУ!

Ботулизм – Clostridium botulinum бактериясы бөлетін күшті токсиннің әсерінен дамитын ауыр жұқпалы ауру. Көбінесе үй жағдайында дайындалған консервіленген көкөністерді, саңырауқұлақтарды, ет пен балық өнімдерін тұтынғаннан кейін пайда болады.
Ботулизмнің негізгі белгілері:
🔹 жүрек айну, құсу;
🔹 іштің ауыруы;
🔹 көрудің бұлыңғырлануы немесе қосарланып көрінуі;
🔹 қабақтың салбырауы;
🔹 сөйлеу және жұтынудың қиындауы;
🔹 ауыздың құрғауы;
🔹 бұлшықеттердің әлсіреуі;
🔹 тыныс алудың қиындауы.
❗ Бұл белгілер байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Ерте көрсетілген көмек ауыр асқынулардың алдын алады.
Алдын алу жолдары:
✅ Үй жағдайында дайындалған консервілерді дайындау және сақтау ережелерін қатаң сақтаңыз.
✅ Қақпағы ісінген немесе зақымдалған консервілерді пайдаланбаңыз.
✅ Күмәнді иісі немесе дәмі бар тағамдарды тұтынбаңыз.
✅ Дайын тағамдарды сақтау мерзімін және температуралық режимін сақтаңыз.
Денсаулығыңызды сақтаңыз! Күмәнді тағамдарды тұтынудан бас тартып, алғашқы белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралыңыз.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу