Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар

🦠 Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде берілетін аурулар тобы. Оларға мерез, гонорея, хламидиоз, трихомониаз және басқа да инфекциялар жатады. Бұл аурулар адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
⚠️ ЖЖЖИ белгілері әртүрлі болуы мүмкін: жыныс мүшелерінен бөлінділердің пайда болуы, қышу, ашу, зәр шығару кезінде ауырсыну, төменгі іштің ауруы. Кей жағдайда ауру белгілерсіз де өтуі мүмкін, сондықтан дер кезінде тексерілу өте маңызды.
🛡 Алдын алу шаралары – қауіпсіз жыныстық қатынас (презерватив қолдану), кездейсоқ серіктестерден бас тарту, тұрақты түрде медициналық тексеруден өту. Бұл инфекциялардың алдын алудың ең тиімді жолы.
🏥 Емдеу жолдары – дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі. Өзін-өзі емдеу қауіпті және асқынуларға әкелуі мүмкін. Уақытылы емделу толық сауығуға мүмкіндік береді.
👨‍⚕️ Маңызды! Егер сізде күмәнді белгілер байқалса, дереу дәрігерге жүгініңіз. Ерте анықтау мен ем – денсаулықты сақтаудың кепілі.

Емханаға тіркелу деректерін қалай тексеруге болады?

Медициналық қызметтерді пайдалану үшін ең алдымен өз емханаңызды және учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды.
Қай емханаға тіркелгеніңізді eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен, eGov Mobile және Damumed қосымшалары арқылы немесе емханалардың анықтама қызметі арқылы тексеруге болады.
Азаматтардың келісімінсіз немесе жалған мәліметтер негізінде медициналық мекемеге тіркеу заңбұзушылық болып саналады. Егер тіркеу сіздің қалауыңызсыз жасалған болса, eGov.kz порталы арқылы өзіңізге ыңғайлы емханаға қайта тіркеліңіз. Сонымен қатар, жалған тіркеу фактісі бойынша шағым қалдыру қажет. Емханаға жалған тіркеу бюджет қаржысын заңсыз иеленуге жатады.
Біле жүріңіз, қажет болған жағдайда жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, тұрғылықты мекен-жайын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстыруына байланысты және медициналық ұйым қайта ұйымдастырылса немесе таратылса емхананы өзгертуге болады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылай алуы үшін тұрғылықты жеріне тікелей жақын мекемені таңдау ұсынылады.