Рубрика: МӘМС
Емханаға барғанда нені ескеру керек?
Емханаға барғанда нені ескеру керек? Егер қандай да бір қиындық болса, ең алдымен қайда жүгіну керек?
Біле жүріңіз – әр емханада Пациенттерді қолдау қызметі бар!
Олар сізге медициналық көмек алу бойынша кеңес беріп, қиын жағдайларды шешуге көмектеседі және қажет болса ішкі тексеріс жүргізеді.
Сонымен, бұл қызметке қандай жағдайда жүгінуге болады?
— Қабылдаудан негізсіз бас тартса;
— Дәрігерге немесе маманға жазыла алмасаңыз;
— Тегін тексерулерге жолдама берілмесе;
— Ұзақ күтуге мәжбүрлесе;
— Үйге шақырту қызметі көрсетілмесе;
— Емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
— Медициналық жазбада қате байқасаңыз.
Ал Пациенттерді қолдау қызметі мәселені шеше алмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады:
— msqory.kz сайты
— Qoldau 24/7 қосымшасы
Өз құқығыңызды біліңіз және сапалы медициналық көмек алуға ұмтылыңыз!
Денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдер
Бүгінде денсаулық сақтау саласында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде.
Соның бірі — Qalqan платформасы.
Қарапайым тілмен айтқанда — бұл барлығы ашық көрінетін бірыңғай цифрлық жүйе:
Бұл сізге не береді?
Ал жалпы жүйе үшін — бұл тәртіп:
қателік азаяды, артық шығын қысқарады, бақылау күшейеді.
Qalqan — медицинада ашықтық пен әділдікті күшейтіп, пациентті бірінші орынға қоятын жүйе.

МӘМС-ке қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қалай қайтаруға болады?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қате немесе артық төленген жарналар мен аударымдарды қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа тиісті өтініш жолдау қажет.
Өтініш үлгісін mskory.kz интернет-ресурсынан жүктеп алуға болады.
Толтырылған өтінішті «Қазпошта» байланысы арқылы немесе қолма-қол түрде келесі мекенжайға тапсыру қажет:
Өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Назар аударыңыз: МӘМС жүйесіне қате төленген немесе артық аударылған жарналар мен аударымдар басқа есептік кезеңдерге қайта есептелмейді, тек өтініш негізінде қайтарылады.
________
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
* msqory.kz ресми сайты
* Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
* 1414 байланыс орталығы
Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz, Freedom SuperApp, Bereke bank, Home Credit Bank мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.
МӘМС туралы қарапайым тілде
Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толық көлемде іске қосылғанына алты жыл болды және денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын ол «айтарлықтай өзгеріс» ретінде қабылданса, бүгінде миллиондаған қазақстандық үшін күнделікті шындыққа айналды.
Дегенмен халық арасында әлі күнге дейін МӘМС туралы түрлі жаңсақ пікірлер айтылады. Сондықтан қарапайым тілмен түсіндірейік: МӘМС деген не, жүйе қалай жұмыс істейді және сақтандырылған азаматтар не алады (карусельден қараңыз
).
Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?
Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.
Медбике немесе фельдшер:
— Дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілсе;
— Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
— Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.
Ал учаскелік дәрігер:
— Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
— Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.
Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.
МӘМС аясында жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін не істеу керек?
Жоспарлы госпитализация – бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы немесе басқа да ауруларды емдеу үшін пациенттің ауруханаға алдын ала жоспар бойынша жатқызылуы. Ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ карусельде
2026 жылы МӘМС-ке кім қанша төлейді?
2026 жылғы қаңтардан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жарналар мен аударымдар есептелетін шекті табыс мөлшері өзгерді. Ал мөлшерлемелер бұрынғыдай сақталды.
Аударымның ең жоғары мөлшері – айына 102 000 теңгеге дейін
Ең жоғары жарна – айына 34 000 теңгеге дейін
Жеке кәсіпкерлер мен дербес төлеушілердің жарналарын есептеу үшін ең төменгі жалақы қолданылады. 2026 жылы оның мөлшері – 85 000 теңге
• «Қазпошта» АҚ кассаларында
• екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшаларында
• төлем терминалдары арқылы
Артериялық гипертензиясы бар пациенттер МӘМС аясында көмек ала алады
Қазақстанда 1,5 млн адам артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұр.
Жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттер ұдайы тексерулерден өтіп, дәрілік препараттарды қабылдаулары және дәрігерлердің бақылауында болулары қажет.
Өкінішке қарай, жыл сайын 50 мыңнан астам науқаста инсульт немесе миокард инфаркті аурулары сияқты асқынулар тіркеледі.
Дерт асқынған жағдайда құны миллиондаған қаржыны құрайтын күрделі операциялар қажет болуы мүмкін. 2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтарға артериялық гипертензияны емдеуге қажетті медициналық көмектің барлығы МӘМС есебінен көрсетіледі.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала алады.
МӘМС-тегі мәртебеңізді тексеріп, денсаулығыңызға қамқор болыңыз! 
МӘМС-те жарна төлеу қызметі жетілдірілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен жұмысын жалғастыруда.
Қор мен «Kaspi Bank» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде енді Kaspi.kz пайдаланушылары сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде өткізіп алған барлық жарналарды бір төлеммен төлей алады. Қызмет ағымдағы айдан бастап төлеу қажет кезеңдерді автоматты түрде анықтап, қалыптастырады.
Бұған дейін дербес төлеушілер 12 айға алдын ала жарна төлеген кезде әр айдың деректерін бөлек енгізуге мәжбүр еді. Соның салдарынан кезеңдерді көрсету кезінде қателіктер жиі орын алды. Енді мұны бір төлеммен жүзеге асыруға болады.
Бұл шешім пайдаланушыларға МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізу үшін жарналарды жылдам әрі дұрыс төлеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қызмет төлеушінің типін автоматты түрде анықтап, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшерін дұрыс есептейді.
Kaspi.kz қосымшасында мәртебені тексеру және жарналарды төлеу қызметі келесі бөлімде қолжетімді: Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.


