«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының бірлесе ұйымластыруымен облыс кәсіпкерлері мен кәсіпорындардың бухгалтерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Дәурен Бурханов, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов, сондай-ақ Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын мамандарға тікелей қойып, МӘМС жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.
Іс-шара аясында МӘМС бойынша аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндеттері, сондай-ақ МӘМС саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды. Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесуде МӘМС жүйесіне қатысуға байланысты өзге де өзекті мәселелер қаралып, кәсіпкерлер мен бухгалтерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді.



