Шу қалалық емханасы

МӘМС

19.05.2026

Шала туған сәбиге күтім қалай жасалады?

Шала туған нәрестелер өмірінің алғашқы күндерінен бастап ерекше күтім мен тұрақты медициналық бақылауды қажет етеді. Бұл туралы Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы, облыстың бас неонатологы Талғат Толықбаев ата-аналарға дәрігерлермен тығыз байланыста болуға кеңес берді.
Маманның айтуынша, мұндай сәбилердің ағзасы толық жетілмегендіктен, олардың өмірлік маңызды көрсеткіштерін тұрақты бақылау қажет. Негізгі талаптардың қатарында дене температурасын қалыпты деңгейде сақтау, дұрыс тамақтандыру және инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары бар.
Медицина қызметкерлері ата-аналарға дәрігердің кеңесінсіз кез келген емдік әрекеттерді қолданбауды және күтім тәсілдерін өз бетінше өзгертпеуді ескертеді. Сондай-ақ жоспарлы медициналық тексерулерді уақтылы өткізу және баланың жағдайында өзгеріс байқалса, дереу дәрігерге жүгіну маңызды.
Мамандардың пікірінше, шала туған сәбиге күтім жасау – ұзақ уақытты және жоғары жауапкершілікті талап ететін процесс. Осыған байланысты дәрігерлер ата-аналарға сабыр сақтап, мамандардың нұсқауларын қатаң ұстануға кеңес береді.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу