«Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, АИТВ/ ЖИТС алдын алу» тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізді.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы 24.06 мен 28.06.2024 аралығыгда жариялаған репродуктивті  денсаулық апталығын орындау барысында  бүгін  3- топик аясында Шу қалалық емханасының ЖДО жастардың қатысуымен «Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, АИТВ/ ЖИТС алдын алу» тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізді.
Осындай іс-шаралар аталмыш апталықтың әр күнінде жоспарға сай орындалады.

#денісауұрпақ #здоровоепоколение

.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы 24.06 мен 28.06.2024 аралығыгда жариялаған репродуктивті  денсаулық апталығын орындау барысында  бүгін  2- топик аясында Шу қалалық емханасының ЖДО жастардың қатысуымен «Жыныстық жетілу» тақырыбында “Ашық есік күнін” өткізді.
Осындай іс-шаралар аталмыш апталықтың әр күнінде жоспарға сай орындалады.

#денісауұрпақ #здоровоепоколение

24.06 мен 28.06.2024 аралығыгда жариялаған репродуктивті денсаулық апталығын орындау барысында бүгін 1- топик аясында Шу қалалық емханасының ЖДО жастардың қатысуымен “ Ашық есік күнін” өткізді

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы

.
Осындай іс-шаралар аталмыш апталықтың әр күнінде жоспарға сай орындалады.

#денісауұрпақ #здоровоепоколение

Құрметті Шу қаласының тұрғындары!

Маусым айының 24-30 күндері аралығында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» мақсатында денсаулық апталығы Шу қалалық емханасында өтеді.
Апталықта 14-24 жас аралығында жастар мен жасөспірімдерді емхананың 3 қабатында орналасқан «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетіне шақырамыз!

#репродуктивноездоровье #здоровыйобразжизни #профилактика

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНБАЙСЫЗ БА?
TELEGRAM – БОТ АРҚЫЛЫ МӘСЕЛЕҢІЗДІ ОҢАЙ ӘРІ ЖЫЛДАМ ШЕШІҢІЗ.

НЕ УДОВЛЕТВОРЯЕТ КАЧЕСТВО ОКАЗАНИЯ ГОСУСЛУГ?
РЕШИТЕ СОЮ ПРОБЛЕМУ ЛЕГКО И БЫСТРО С ПОМОЩЬЮ TELEGRAM – БОТА.

“Жасыл ел” еңбек жасақшылармен “Мен өмірді сүйемін”-тақырыбы бойынша Шу қалалық емханасының психолог маманы Орынтай Қымбат Айдарқұлқызы қатысуымен кездесу-тренинг өткізілді.

Шу қалалық жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі психолог маманының ұйымдастырумен “Жасыл ел” еңбек жасақшылармен “Мен өмірді сүйемін”-тақырыбы бойынша Шу қалалық емханасының психолог маманы Орынтай Қымбат Айдарқұлқызы қатысуымен кездесу-тренинг өткізілді.
Суицид туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып,сурет салу арқылы жастардың ішкі жан дүниесіне өңілу,салған сурет арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

“Жасыл ел”еңбек жасақшылар қыздарымен “Ерте жүктіліктің салдары, алдын алу”-тақырыбы бойынша дөңгелек үстөл өткізілді.

Шу қалалық жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі психолог маманының ұйымдастырумен Шу қалалық емханада “Жасыл ел”еңбек жасақшылар қыздарымен “Ерте жүктіліктің салдары, алдын алу”-тақырыбы бойынша дөңгелек үстөл өткізілді.Аталған кездесуге Шу қалалық емханасының акушер-гинеколог Аширова Гульчехра Турдубековна және мейірбике
Арыстанбек Жәния Бейбітқызы қатысуымен кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу мақсаты:Ерте жастағы жүктілік,оның алдын-алу жолдары және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу

07.06.2024 жылы Шу қалалық емханасының мәжіліс залында Шу қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері С.Х.Дюсембиев және емхана бас мейірбикесі С.Охремчуктың қатысуымен КҚГЛ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының кенеттен 39-40 0С дейін көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.
Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады?
Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы кене, сонымен қатар жабайы және үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, сұйықтығымен және ағза бөлінділерімен ластанған медициналық құралдар арқылы жанама байланыс арқылы жұғуы мүмкін.
Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу:
* Аурудың алдын алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы залалсыздандыру.
Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет.
* Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз!
* Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

✔️ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

🖇️Шу қалалық емханасында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды. «Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы аталған мекемеден алуларына болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді.

Артериялық қан қысымы деген не?


Бұл ұғымның астарында қанның қан тамырларының қабырғасына түсіретін күші жатыр. Артериялық қан қысымы көрсеткіштері адам жүрегінің қандай жылдамдықпен және күшпен жұмыс істейтініне, сонымен қатар оның бір минуттың ішінде өзінен өткізе алатын қанның көлеміне байланысты.

Жас бойынша мойындалған қан қысымының нормасы – жүректің, вегетативті жүйке жүйесі және эндокриндік жүйенің дұрыс жұмысының медициналық көрсеткіштерінің бірі.
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші:

20 жас – ер адамдарда – 123/76; әйелдерде – 116/75;
30 жасқа дейін – ер адамдарда 126/79; әйелдерде — 120/75;
30-40 жас – ер адамдарда – 129/81; әйелдерде – 127/80;
40-50 жас – ер адамдарда – 135/83; әйелдерде – 137/84;
50-60 жас – ер адамдарда – 142/85; әйелдерде – 144/85;
70 жастан жоғары – ер адамдарда – 142/80; әйелдерде – 159/85.