
🔹️Диагностикасы мен алдын алу шаралары.
Әйелдер арасында ең көп кездесетін бұл дерт көбінесе адам папилломасы вирусымен (АПВ) байланысты. Әсіресе 16 және 18 типтері қауіпті, олар жыныстық жолмен беріледі.
🔷️Қауіпті факторлар:
•созылмалы вирустық инфекциялар (герпес, АПВ);
•жыныстық өмірдің ерте басталуы және ерте босану;
•жиі жасалатын аборттар;
•жатыр мойнының жарақаттануы.
🔸️Дерттің алғашқы кезеңдерінде айқын белгілер байқалмайды. Алайда, алғашқы белгілері қан аралас бөлінділердің пайда болуы және төменгі іштің жайсыздығы болуы мүмкін. Ауру асқынған жағдайда ауырсыну, ісіну және қуық жұмысының бұзылуы байқалады.
🔷️Диагностика әдістері:
Жатыр мойнының қатерлі ісігін ерте анықтау үшін әйелдер 30 бен 70 жас аралығында әр 4 жыл сайын скринингтен өтуі қажет (ПАП-тест). Егер патология анықталса, қосымша зерттеулер – кольпоскопия және биопсия жасалады.
❗️❗️Алдын алу шаралары:
•АПВ-ға қарсы екпе егу;
•жыныстық өмірді ерте бастамау;
•қорғаныс құралдарын пайдалану;
•гинекологқа жыл сайын тексерілу.

зейнетақы төлемдерін алушыларға сапалы медициналық қызметтерді алу үшін ерекше шарттар ұсынады. Осы ретте мемлекет тарапынан сақтандырылған тұлғалардың тізіміне тек ресми түрде зейнетақы алатын азаматтар енгізілетінін ерекше атап өту маңызды. Зейнетақысын ресми түрде рәсімдемегендер немесе басқа мемлекеттерден зейнетақы алатындар мемлекет есебінен сақтандырылған тұлғалар тізіміне қосылмайды.




