МӘМС — бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

МӘМС — бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Жүйе Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Осы уақыттан бастап қазақстандықтар медициналық сақтандыруға ақша аударып, қажетті медициналық қызметтер спектрін пайдалана бастады.
Сақтандырылу үшін не істеу керек және бұл мәртебе не береді, бұл туралы осы материалда айтып береміз.
Көбі МӘМС-ті – зейнетақы қорының баламасы, яғни ақша жинақталған соң ғана пайдалана аламыз деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес! МӘМС – зейнетақы қоры емес! Бұл медициналық секторды қаржыландырудың жаңа моделі.
Ол бірлескен жауапкершілік принципі бойынша жұмыс істейді немесе қарапайым тілмен айтқанда, «асар». «Асар» — қазақ халқының ежелгі дәстүрі, онда адамдар бірігіп, бір-біріне тегін көмектеседі. Яғни, мемлекеттен және еңбекке жарамды халықтан түскен барлық қаражат бір әлеуметтік «әмиянға» — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі. Одан кейін барлық пациенттің қанша жарна төлегеніне қарамастан көрсетілген медициналық қызметтерге төлем жасалады.
Мысалы, бүгін медициналық көмек сізге қажет болса, қордың қаражаты сіздің емделуіңізге жұмсалады. Ал ертең медициналық көмек сіздің жақын адамыңыз, туысыңыз, досыңыз немесе көршіңізге қажет болғанда, қор қаражаты олардың ем алуына бағытталады.
*Қор – бұл стратегиялық төлеуші және медициналық қызметтерді сатып алушы ұйым. Қарапайым тілмен айтқанда, медициналық ұйымдар қазақстандықтарға өз қызметін көрсетеді, ал қор оларды МӘМС қаражаты есебінен төлейді.
Айта кету керек, егер сіз медициналық көмек алмаған болсаңыз, өз жарнаңызды қайтарып ала алмайсыз әрі оны басқа адамға беруге болмайды. Себебі, жоғарыда айтылғандай, жүйе «бір әлеуметтік әмиян» қағидасы бойынша құрылған.

Витаминдер мен минералдар — біздің ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті заттар 🥦💊

. Олар иммунитетті нығайтады, сүйектердің саулығын сақтайды, көруді жақсартады және энергия береді. Қай элементтер маңызды және оларды қалай тағамнан алуға болады?

С дәрумені 🍊. Иммундық жүйені нығайтады, жаралардың тез жазылуына көмектеседі және темірді жақсы сіңіруге ықпал етеді. Көздері: цитрус жемістері, киви, болгар бұрышы, брокколи.
D дәрумені ☀️. Сүйек пен тістің мықты болуы үшін қажет, сонымен қатар жақсы көңіл-күйге әсер етеді. Күннен алуға болады, сондай-ақ: майлы балық, жұмыртқа, саңырауқұлақтар.
Кальций 🥛. Сүйектер мен тістердің негізгі элементі. Көздері: сүт өнімдері, бадам, қырыққабат, тофу.
Темір 🥩. Ол ағзада оттегіні тасымалдайды және шаршауды болдырмайды. Көздері: қызыл ет, шпинат, жасымық, жаңғақтар.
Магний 🥜. Бұлшықеттер мен жүйке жүйесін қолдайды, стресспен күресуге көмектеседі. Көздері: жаңғақтар, тұқымдар, шпинат, банандар.

Түрлі тағамдарды тұтыну — қажетті дәрумендер мен минералдарды алудың ең жақсы тәсілі. Дұрыс әдеттер мен пайдалы тағам сіздің көңіл-күйіңізді жақсартып, күнделікті қуат береді! 🥗✨

“Темекі шегу-зиянды әдет” ,” Вейп темекілер” тақырыбында «А. Байтұрсынұлы мектеп гимназиясында», мектеп медбиесі М.Әлдубай, Шу қалалық емхананың маманы Наги-Оглы Земфира Реджебовна білімалушыларға темекінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

“Темекі шегу-зиянды әдет” ,” Вейп темекілер” тақырыбында «А. Байтұрсынұлы мектеп гимназиясында», мектеп медбиесі М.Әлдубай, Шу қалалық емхананың маманы Наги-Оглы Земфира Реджеб овна білімалушыларға темекінің зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

“1 -желтоқсан Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС қарсы күрес» күніне орайластырылған акция өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шу қаласы А.Макаренко орта мектебінде Шу қалалық емханасының психологы М.Халматова мектеп ұжымымен бірлесе

Шу қаласы «Жібек Жолы» мектеп лейцейінің мейірбикесінің қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. #профилактика #денсаулықзорбайлық #здоровыйобразжизни #здоровья #шугп #шу

Шу қаласы «Жібек Жолы» мектеп лейцейінің мейірбикесінің қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

#профилактика #денсаулықзорбайлық #здоровыйобразжизни #здоровья #шугп #шу

«Салауатты өмір салты және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Шу қаласы «Тұрар Рысқұлов» атындағы орта мектебінде
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Сатыбалдиева жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аға тәлімгер Ж.Қожаева «Салауатты өмір салты» тақырыбында баяндама оқыды.
Мектеп медбикесі Р.Далбаева ерте жүктілік және тазалық туралы түсіндірме жұмыс жүргізді.
Мақсаты: Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, олардың дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету және жауапкершілікке тәрбиелеу.

#денсаулық #здоровья #здоровыйобразжизни #профилактика #шуемхана #шугп #оқушы #мектеп

«Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шу қаласы «А. Байтұрсынов мектеп гимназиясының» оқушылары арасында, мектеп мейірбикесінің қатысуымен
Мақсаты: Жасөспірімдер мен балалар арасында нашақорлық, темекі, нашақорлықпен күресу, зиянды заттарды қолданудың алдын алу,салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып оқушыларға дұрыс бағыт бағдар алуына ықпал ету.

🎗️ Сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру күні 💗

Жыл сайын қазан айында әлемнің миллиондаған адамдары сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру үшін бірігеді. Бұл әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. 🎗️

Сүт безі қатерлі ісігі туралы не білу маңызды? 👇

Ерте диагностика өмірді сақтайды 🔍
Уақытылы тексерулер мен маммография қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, бұл кезде емдеу ең тиімді болады. 40 жастан асқан әйелдерге жыл сайын маммографиядан өту ұсынылады, ал жастарға — ай сайын өзін-өзі тексеру жасау қажет. 💪

Негізгі белгілер ⚠️
Кеудедегі кез келген өзгерістерге назар аударыңыз: тығыздық, деформация, емшек ұшынан бөлінулер немесе тері өзгерістері. Егер осы белгілердің бірі сізді мазаласа, дереу дәрігерге жүгініңіз. 🏥

Салауатты өмір салты 🍎
Дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін төмендетеді. Бүгінгі таңда жасаған таңдауыңыз ертеңгі денсаулығыңызға әсер ететінін ұмытпаңыз. 🏃‍♀️

Қолдау және ақпараттану 🤝
Бұл аурумен ешкім жалғыз күресуге тиіс емес. Отбасыңыздың, достарыңыздың және мамандардың қолдауы, сондай-ақ ақпаратқа қолжетімділік қатерлі ісікпен күрестегі маңызды факторлар. 💖

Тұрақты тексерулер 🩺
Өз денсаулығыңызға сенімді болсаңыз да, дәрігерге тұрақты түрде қаралып тұруды ұмытпаңыз. Алдын алу және ерте диагностика — денсаулық үшін күрестегі ең жақсы көмекшілеріңіз. 💕

Қазан айы — сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпараттандыру айы. Қатерлі ісікпен күресіп жүргендерді қолдайық және денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын өзімізге және жақындарымызға еске салайық! 💗

🔵АПВ(ВПЧ)-FА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ЕНГІЗУ🔵

Бүгінгі танда АПВ емдеу жолы жок, алдын
алудың бірден бір әдісі- бұл вакцинация.
Жатыр мойныобырының (ЖМО) дамуына
әйелдін АПВ инфекциясьн жұктыруы себеп
болатыны ғылыми далелденген.
Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы
вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы
пайдаланьлады жане Өзбекстан, Қырғызстан
Туркіменстанды қоса алғанда,
135 мемлекеттерінде жасалынады
2024 жылгы күзден бастап Қазақстанда
11 жасар қыз балаларға АПВ-га карсы
вакцинация жүргізілетін болады.
✅️АПВ-га қарсы вакцина мектептерде
немесе тіркелген мекенжайы бойынша
емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін
негізде колжетімді.
✅️Вакцинация қарсы керсетілімдер
болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін
ата-аналарының немесе қамкоршыларына
хабарланған, ақпараттандырылған келісімімен
жүргізіледі.
✅️АПВ-га қарсы вакцина дельта тәрізді
иык бұлшық етіне бұлшық ет ішіне енгізіледі.
✅️Вакцинация қарсы көрсетілімдер
болмаса дәрігердің қарап тексеруден кейін 6 ай
аралықпен екі рет жүргізіледі.
✅️АПВ-а карсы вакциналар иммунитеті
Әлсіреген адамдар үшін қауіпсіз.