Жылы сөз — шынайы еңбектің бағасы!

Медицина саласындағы әрбір маман үшін пациенттің алғысы мен сенімі — үлкен мәртебе. 🩺🤍

Бүгінгі алғыс — өз ісіне адалдықпен қарап, әр пациентке мейіріммен, жанашырлықпен және жауапкершілікпен қарайтын маманымыздың еңбегіне берілген ерекше баға.

Осындай жүрекке жылу сыйлайтын сөздер медицина қызметкерлеріне шабыт беріп, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. 🌷

Ақ халатты абзал жандарға көрсеткен сенімдеріңіз бен білдірген алғыстарыңыз үшін рақмет! 💐

Әрбір ізгі сөз — біз үшін үлкен қуаныш, әрбір алғыс — еңбегімізге берілген баға! ❤️

#ШуҚалалықЕмханасы #Алғыс #МедицинаҚызметкерлері #АқХалаттыАбзалЖандар #МейірімМенҚамқорлық

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ

Төле би атындағы орта мектеп оқушыларымен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және адам папиллома вирусы (АПВ) тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

✨ Кездесу барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке гигиенаны сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және АПВ-ның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

🩺 Сонымен қатар, АПВ вакцинациясының маңызы түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жас ұрпақтың дені сау болуы — баршамызға ортақ міндет!

💙 Денсаулығыңды қорға — болашағыңды ойла!

Қарттар күні – жүрекке жылу сыйлайтын ерекше мереке

Қарттар күніне орай емханамызда ардақты қарияларымызға құрмет көрсетіп, шағын дастархан жайып, тәтті бауырсақ пен хош иісті шайымызды ұсындық. ☕️🥯

Ақ дастархан басында үлкендерімізбен еркін әңгімелесіп, өткен күндерден естелік айтып, ақ баталары мен жылы тілектерін тыңдап, әдемі әңгіме-дүкен құрдық. ❤️

Бұл – үлкенге деген құрмет пен ізеттіліктің, мейірім мен адамгершіліктің кішкентай ғана көрінісі.

🌿 Қариясы бар үйдің – қазынасы бар.
Барша ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

Қарттарымыздың әрбір күні қуанышқа, әрбір шаңырағы жылулыққа толы болсын!

Еңбек күніне орай «Ашық есік» күні өтті

Еңбек күніне орай Шу қалалық емханасының медицина қызметкерлері Ы.Алтынсарин және Абай атындағы орта мектептердің техникалық қызметкерлері арасында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

🩺 Іс-шараның негізгі мақсаты – күнделікті еңбегімен білім беру ұйымдарының қалыпты жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген техникалық қызметкерлердің денсаулығына көңіл бөлу, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

📋 Шара барысында медицина мамандары қатысушылардың денсаулық көрсеткіштерін бақылап, профилактикалық тексерулер жүргізді. Қызметкерлердің бойы мен салмағы өлшеніп, дене салмағының көрсеткіштері бағаланды. Сонымен қатар қан қысымын өлшеу және жалпы денсаулық жағдайын бақылау жұмыстары жүргізілді.

❤️ Медицина қызметкерлері қатысушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, дұрыс тамақтанудың, дене белсенділігін арттырудың және уақытылы профилактикалық тексеруден өтудің маңызын түсіндірді. Әсіресе күнделікті жұмыста қимыл-қозғалыс пен еңбек белсенділігі жоғары адамдар үшін денсаулық көрсеткіштерін тұрақты бақылауда ұстаудың маңызы атап өтілді.

🌿 Іс-шара барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Мұндай профилактикалық шаралар аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтап, денсаулыққа қатысты қауіп факторларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Денсаулық – әр адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталады!

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ — БОЛАШАҚҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін Мұратбаев мектебінің ұлдарымен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістер, жеке бас гигиенасы, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды. 🩺

Сонымен қатар репродуктивті денсаулықты сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу, жеке шекараны құрметтеу және денсаулыққа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда медицина мамандарына дер кезінде жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

💬 Өз денсаулығыңды білу — өз болашағыңа жауапкершілікпен қарау!

🌿 Салауатты жас — дені сау болашақтың негізі!

Емхана ұжымы сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы және World Cleanup Day (Дүниежүзілік тазалық күні) халықаралық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.
🧹 Тазалық шарасына Шу қалалық емханасының ұжымы да белсене атсалысып, бекітілген аумақта санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Медицина қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты.
🌱 Игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілікке ұйым қызметкерлерінің бір кісідей жұмылуы ортақ іске деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.
🤝 «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай шаралар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттап қана қоймай, тазалық пен тәртіпті сақтауға қоғам болып үлес қосуға үндейді.
 

Целиакия диагнозымен есепте тұрған пациентке әлеуметтік қолдау көрсетілді

Емханамызда целиакия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған пациентке медициналық көрсетілімдеріне сәйкес арнайы тағамдық өнімдер табысталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – целиакиясы бар пациенттерді қолдау, олардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал ету.

Пациенттерге медициналық көмек көрсетумен қатар, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

Денсаулық – басты құндылық!

#Емхана #Целиакия #ПациенткеҚамқорлық #ӘлеуметтікҚолдау #Денсаулық #МедициналықКөмек

Қамқорлық – денсаулыққа бастар жол

Бүгін емханамызда целиакия диагнозымен есепте тұратын пациентке арнайы тағамдық өнімдер табысталды.

Целиакия кезінде дұрыс тамақтану мен глютенсіз диетаны сақтау – денсаулықты қалыпты ұстаудың маңызды бөлігі. Сондықтан пациенттерімізге медициналық көмек көрсетумен қатар, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөліп, қолдау көрсету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. 🤍

Біз үшін әр пациенттің денсаулығы мен әл-ауқаты маңызды!

Денсаулық – басты құндылық. Бірге қамқорлық жасайық! 🌱

#Целиакия #ДұрысТамақтану #ГлютенсізДиета #ПациенткеҚамқорлық #Емхана #Денсаулық #Медицина

ЕМХАНА ҰЖЫМЫ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 17 қаңтардағы №21-3 шешімімен бекітілген 2030 жылға дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Шу ауданы бойынша күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына Шу қалалық емханасының қызметкерлері де белсене қатысып, өздеріне тиесілі аумақтарды тазалауға атсалысты. Емхана ұжымы қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, аулалар мен қоғамдық орындардың көркін келтіру, санитарлық жағдайын жақсарту бағытында бірлесе еңбек етті.

АИТВ/ЖИТС – алдын алу және ақпараттандыру

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ инфекциясының алдын алу және жастардың медициналық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жасыл ел» жасақшыларының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, ал ЖИТС – АИТВ инфекциясының асқынған кезеңінде дамуы мүмкін жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы екені түсіндірілді.

Сонымен қатар АИТВ-ның негізгі берілу жолдары – қан арқылы, қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға берілуі мүмкін екені айтылды. Ал АИТВ қол алысу, құшақтасу, бірге тамақтану, бассейн немесе қоғамдық орындарды пайдалану арқылы жұқпайды.

Жастарға АИТВ инфекциясының алдын алу, жеке гигиена құралдарын ортақ пайдаланбау, қауіпсіз мінез-құлықты ұстану және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. АИТВ мәртебесін анықтаудың сенімді жолы – арнайы тестілеуден өту. Қазақстанда АИТВ-ға тестілеуді құпия әрі тегін тапсыруға болады.

Денсаулық – әр адамның өз қолында! Ақпараттану, алдын алу және жауапкершілік – АИТВ инфекциясының таралуына тосқауыл қоюдың маңызды қадамдары.