Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
10.08.2026
Тұрақты дене белсенділігінің пайдасы:
Жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады. Дене жаттығулары жүректің жұмысын жақсартып, қан айналымын қалыпты ұстауға көмектеседі.
Тыныс алу жүйесін жақсартады. Белсенді қозғалыс өкпенің жұмысын жақсартып, ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.
Сүйек пен бұлшықетті күшейтеді. Қозғалыс бұлшықет күшін арттырып, сүйек тінінің беріктігін сақтауға көмектеседі.
Дене салмағын бақылауға ықпал етеді. Тұрақты қозғалыс энергия шығынын арттырып, артық салмақтың алдын алуға көмектеседі.
Көңіл-күйді жақсартады. Дене белсенділігі күйзелісті азайтып, сергектік пен эмоционалдық көңіл-күйді көтеруге ықпал етеді.
Ұйқы сапасын жақсартады. Қалыпты физикалық белсенділік ұйқының реттелуіне және ағзаның жақсы демалуына көмектеседі.
Созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Қозғалыстың жеткілікті болуы жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ!
Қозғалыс бар жерде – өмір бар! Денсаулығыңызға бүгіннен бастап көңіл бөліңіз!
ДЕНЕ ҚИМЫЛЫ – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Денсаулықты нығайтудың ең тиімді әрі қолжетімді жолдарының бірі – тұрақты дене белсенділігі. Спортпен айналысу міндетті түрде кәсіби спортшы болуды қажет етпейді. Күнделікті жаяу жүру, таңертеңгілік жаттығу жасау, жүзу, велосипед тебу, жүгіру немесе қарапайым қимыл-қозғалыстың өзі ағзаға оң әсерін тигізеді.
Спортпен айналысу үшін міндетті түрде спортзалға барудың қажеті жоқ. Күні бойы көбірек қозғалу, жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, таза ауада серуендеу – денсаулыққа жасалған қарапайым, бірақ маңызды қадамдар.
Ең бастысы – дене белсенділігі тұрақты әрі адамның жасына, денсаулық жағдайына және физикалық мүмкіндігіне сай болуы керек.







