Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
01.04.2026
Күнделікті кемінде 30 минут жаяу жүру, жеңіл жаттығулар жасау жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, артық салмақтың алдын алуға септігін тигізеді.
Денешынықтыру тек физикалық емес, психологиялық саулыққа да оң әсер етеді. Ол күйзелісті азайтып, көңіл-күйді көтереді, ұйқы сапасын жақсартады.
Дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салтын қатар ұстану – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің негізі.
Өз денсаулығыңызды күтіңіз! Күнделікті қозғалысты әдетке айналдырып, белсенді өмір салтын таңдаңыз.
Денешынықтыру – денсаулықтың кепілі
Тұрақты түрде қозғалу ағзаның барлық жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, иммунитетті күшейтіп, түрлі аурулардың алдын алады.







