Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
03.08.2026
Спорттың адам ағзасына пайдасы:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересектерге аптасына кемінде 150–300 минут орташа қарқынды дене белсенділігімен айналысуға кеңес береді. Бұл күн сайын небәрі 30 минут белсенді қозғалу деген сөз.
Спортпен айналысу міндетті түрде кәсіби деңгейде болуы шарт емес. Жаяу жүру, жүгіру, велосипед тебу, жүзу, би билеу немесе таңертеңгілік жаттығулардың өзі денсаулыққа зор пайдасын тигізеді.
Спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ол жақсы көңіл күйдің, сергектіктің және ұзақ өмірдің кепілі. Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап көңіл бөліңіз!
Денсаулықтың кепілі – белсенді өмір салты
Спорт күні – салауатты өмір салтын насихаттайтын ерекше мереке. Спортпен тұрақты айналысу – денсаулықты нығайтудың, ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің ең тиімді жолдарының бірі.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендетеді;
Бұлшықеттер мен сүйектерді нығайтады;
Артық салмақтың алдын алады;
Иммунитетті күшейтеді;
Қант диабеті, гипертония сияқты созылмалы аурулардың даму қаупін азайтады;
Көңіл күйді жақсартып, күйзеліс пен шаршауды азайтады;
Ұйқының сапасын арттырып, еңбекке қабілеттілікті көтереді.







