Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
25.04.2026
Емхана ұжымы өңір тазалығына үлес қосты
🌿 «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шу қалалық емханасының ұжымы сенбілікке белсенді түрде атсалысты. Игі бастама барысында медицина қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны ретке келтірді.
🌱 Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалыққа шақыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Осындай сенбіліктер арқылы өңір келбеті жақсара түсетіні сөзсіз.
🤝 Шу қалалық емханасының ұжымы алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.
#тазақазақстан🇰🇿
#тазақазақстанэкологиялықакциясы







