Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
30.03.2026
Иммундау апталығы – бұл әр адамның денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара! Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы.
Иммундау арқылы қызылша, көкжөтел, дифтерия, сіреспе сияқты қауіпті аурулардың таралуының алдын алуға болады. Уақытылы салынған екпе – өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғайды.
Балаларға екпені ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытында алу өте маңызды. Бұл олардың иммунитетін күшейтіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Құрметті тұрғындар! Екпе алу үшін өздеріңіз тіркелген емханаға жүгініңіздер. Мамандар сіздерге толық ақпарат беріп, қауіпсіз түрде вакцинация жүргізеді.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, иммундау апталығына белсенді қатысыңыз!







