Шу қалалық емханасы

МӘМС

01.09.2026

МӘМС: Қиын қадамнан – еркін қозғалысқа

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі азаматтарға қажетті медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялық және күрделі операцияларды алуға мүмкіндік береді. Соның бірі – тізе буынына эндопротездеу отасы.
Тараз қаласының тұрғыны Жұлдызай Көлкебаева осындай медициналық көмекті Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында МӘМС аясында алды. Оған жоспарлы түрде тізе буынына эндопротездеу отасы жасалды.
Науқасты тізе буыны ауру 6-7 жылға жуық мазалаған. Ауру салдарынан қозғалысы шектеліп, күнделікті өміріне айтарлықтай қиындық туған.
Дәрігер-травматолог Михаил Мацагоровтың айтуынша, ота заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы жүргізілді. Эндопротездеудің негізгі мақсаты – зақымданған буынның қызметін қалпына келтіріп, науқастың қозғалыс белсенділігін арттыру және өмір сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда Жұлдызайдың жағдайы жақсы. Ол оңалту кезеңінен өтіп, біртіндеп қалыпты өміріне оралып келеді.
«Қажетті операцияны МӘМС аясында жасату мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Дәрігерлерге және аурухананың бүкіл ұжымына алғыс айтамын. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезініп, қайтадан еркін қозғала бастағаныма қуаныштымын», – дейді Жұлдызай Көлкебаева.
МӘМС – азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, заманауи емдеу әдістерін алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік кепілдік.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу