Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

09.09.2026

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Балалардың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және қоғам үшін ортақ жауапкершілік. Мектеп жасындағы балалардың жарақат алуы көбіне абайсыздық, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, жол қозғалысы талаптарын елемеу немесе ойын кезіндегі сақтықтың болмауынан орын алады.
🔹 Жарақаттың алдын алу үшін:
мектепте және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету;
дене шынықтыру сабағында мұғалімнің нұсқауларын орындау;
баспалдақпен жүгірмеу, итерісіп ойнамау;
терезе, балкон және биік жерлерде сақ болу;
үшкір, өткір және қауіпті заттармен ойнамау;
ойын алаңдарында жас ерекшелігіне сәйкес құралдарды пайдалану;
жолдан тек белгіленген жерден өту және бағдаршам талаптарын сақтау;
велосипед, самокат тебу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау;
қыс мезгілінде мұзды жерлерде абай болу.
👨‍👩‍👧 Ата-аналарға:
Балаға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп, оның күнделікті әрекетіне назар аудару маңызды. Баланың жарақаттануының алдын алудың ең тиімді жолы – қауіптің алдын ала байқап, сақтық шараларын дер кезінде қолдану.
❗ Есіңізде болсын: баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыз. Қарапайым сақтықтың өзі ауыр жарақаттың алдын алуы мүмкін.
Балаларымыздың дені сау, өмірі қауіпсіз болсын!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу