Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

24.11.2026

ОБА – ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!

Оба – адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ауру қоздырғышы – Yersinia pestis бактериясы. Инфекция адамға көбіне ауру жұқтырған бүргенің шағуы, науқас жануарлардың қанымен немесе тіндерімен жанасу арқылы жұғады. Сондай-ақ өкпелік чума кезінде инфекция науқас адамнан ауа-тамшы жолымен берілуі мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері:
Дене қызуының кенеттен көтерілуі;
Қатты қалтырау және жалпы әлсіздік;
Бас пен бұлшықеттердің ауыруы;
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсынуы;
Жүрек айну, құсу;
Өкпелік түрінде жөтел, кеуде тұсының ауыруы, ентігу және кейде қанды қақырықтың бөлінуі.
Қалай сақтануға болады?
Кеміргіштермен және өлі жабайы жануарлармен жанасудан аулақ болыңыз;
Кеміргіштердің індері мен бүргелер көп кездесетін орындарға бармауға тырысыңыз;
Жабайы кеміргіштерді қолмен ұстамаңыз және олардың өлекселеріне жақындамаңыз;
Үй-жайлар мен аулалардың тазалығын сақтап, кеміргіштердің көбеюіне жол бермеңіз;
Бүргелерден қорғану шараларын қолданыңыз;
Мал мен жабайы жануарлардың арасында ауру белгілерін байқасаңыз, ветеринариялық қызметке хабарлаңыз;
Эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті аймақтарға барған кезде сақтық шараларын қатаң ұстаныңыз.
Ауру белгілері байқалған жағдайда не істеу керек?
Егер дене қызуы кенет көтеріліп, жоғарыда аталған белгілер байқалса, әсіресе кеміргіштермен немесе бүргелермен байланыс болған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігерге ауру белгілері басталған уақытты және ықтимал жұқтыру жағдайларын міндетті түрде хабарлаңыз.
Чума – өте қауіпті ауру, алайда оны ерте анықтап, дер кезінде емдеу асқыну қаупін төмендетеді. Өз бетіңізше ем қабылдамаңыз және медициналық көмекті кешіктірмеңіз.
Есіңізде болсын: сақтық шараларын сақтау – өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағы адамдардың өмірін қорғаудың маңызды жолы!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу