Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
09.09.2026
дененің кез келген жерінде бұрын болмаған түйіннің немесе ісіктің пайда болуы;
ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар;
денедегі меңдер мен дақтардың көлемі, түсі немесе пішінінің өзгеруі;
себепсіз салмақ жоғалту;
ұзақ уақытқа созылатын әлсіздік пен шаршау;
ұзаққа созылған жөтел немесе дауыс қарлығуы;
жұтынудың қиындауы;
ішек немесе несеп шығару қызметінің ұзақ уақыт өзгеруі;
әдеттен тыс қан кетулер;
ұзақ уақыт сақталатын немесе күшейе түсетін ауырсынулар.
Дұрыс және құнарлы тамақтану;
Темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс пайдаланудан бас тарту;
Белсенді өмір салтын ұстану;
Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау;
Күн сәулесінің зиянды әсерінен сақтану;
Профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтерден уақытылы өту;
Дәрігердің ұсынымдарын орындау.
ОНКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТЫҚ – ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЖАУАПКЕРШІЛІК
Онкологиялық аурулар – қазіргі таңда қоғам денсаулығына елеулі қауіп төндіретін аурулардың бірі. Алайда қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау арқылы емдеудің тиімділігін арттыруға және көптеген жағдайда науқастың өмірін сақтап қалуға болады.
Сондықтан әрбір адам онкологиялық сақтықты қалыптастыруы қажет.
Онкологиялық сақтық дегеніміз не?
Онкологиялық сақтық – қатерлі ісік ауруларының алғашқы белгілерін дер кезінде байқап, уақытылы медициналық көмекке жүгіну және профилактикалық тексерулерден тұрақты өту.
Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз!
Келесі белгілер байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз:
Аталған белгілердің болуы міндетті түрде онкологиялық ауру бар дегенді білдірмейді. Дегенмен, олардың себебін анықтау үшін дәрігерге уақытылы қаралу өте маңызды.
Қатерлі ісіктің алдын алу үшін не істеу керек?
Ең бастысы – аурудың алғашқы белгілерін елемей, өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет.
Ерте диагностика – тиімді емнің кепілі!
Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз. Уақытылы тексеруден өтіп, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз!
Есіңізде болсын: қатерлі ісікті ерте анықтау – өмірді сақтаудың маңызды қадамы!







