Шу қалалық емханасы

Емхана жаңалықтары

07.05.2026

Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай емхана ұжымында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиында ел тыныштығы мен халық амандығы жолында қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі ерекше аталып, Отан алдындағы адал қызмет пен жауапкершілік ұғымының маңыздылығы кеңінен айтылды.
🎖️ Іс-шара барысында медицина саласында табанды еңбек етіп, ұжымның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мамандарға Алғыс хаттар мен өзге де түрлі марапаттар табысталды.
🌟 Мерекелік шара жылы лебіздер мен ізгі тілектерге ұласып, ұжым қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жиналғандар бір-біріне денсаулық, отбасылық амандық, ел игілігі жолындағы еңбекте табыс тілеп, мерекені ерекше ықыласпен атап өтті.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу