Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
18.05.2026
Өткір ішек инфекциясы (ОКИ) — асқазан мен ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Бұл ауру көбіне лас қол, жуылмаған жеміс-жидек, сапасыз тағам мен қайнатылмаған су арқылы таралады. Әсіресе жаз мезгілінде балалар арасында жиі кездеседі.
Оның негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі. Мұндай белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс.
Ауру кезінде адам ағзасы көп мөлшерде сұйықтық жоғалтады. Сондықтан таза су, минералды су, арнайы тұзды ерітінділерді жиі ішіп, ағзаны сусызданудан сақтау өте маңызды. Дәрігер кеңесінсіз антибиотик қабылдау қауіпті болуы мүмкін.
Өткір ішек инфекциясының алдын алу үшін қарапайым тазалық ережелерін сақтау қажет: тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуу, көкөніс пен жемістерді мұқият тазалау, тағамдарды дұрыс сақтау және тек таза су пайдалану.
Денсаулық — әр адамның басты байлығы. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтап, сапалы тағам тұтыну арқылы бұл аурудың алдын алуға болады.







