Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
23.05.2024
✔️ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАМАЛАРЫ
🖇️Шу қалалық емханасында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.
«Egov.kz» электронды веб-порталы арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, осы аталған мекемеден алуларына болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуға болады және қол жетімді.