Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
13.05.2026
Қан айналым жүйесі ауруларының пайда болуына дұрыс тамақтанбау, артық салмақ, қозғалыстың аздығы, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс пайдалану, күйзеліс пен созылмалы шаршау әсер етеді. Сонымен қатар тұқым қуалаушылық та маңызды рөл атқарады.
Аурудың алғашқы белгілеріне кеуде тұсының ауыруы, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі, қан қысымының көтерілуі, бас айналу және тез шаршағыштық жатады. Мұндай белгілер байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралу өте маңызды.
Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. Көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек тұтынып, тұзды және майлы тағамдарды азайту, тұрақты дене белсенділігімен айналысу, зиянды әдеттерден бас тарту – жүрек саулығын сақтаудың негізгі жолдары.
Күніне кемінде 30 минут жаяу жүру, таза ауада серуендеу және дене салмағын бақылау жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады. Сондай-ақ қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін тұрақты тексертіп тұру қажет.
Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы. Сондықтан жүрек пен қан тамырлары ауруларының алдын алып, уақытылы тексеруден өту арқылы өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз. Емханада профилактикалық тексерулерден өтіп, дәрігер кеңесіне жүгінуді ұмытпаңыз.
Қан айналым жүйесі аурулары
Қан айналым жүйесі аурулары – жүрек пен қан тамырларының қызметінің бұзылуынан туындайтын дерттер тобы. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инфаркт, инсульт, жүрек жеткіліксіздігі секілді аурулар жатады. Бұл аурулар бүгінде әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр.







