Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

30.07.2026

Қан айналым жүйесі аурулары – алдын алуға болатын қауіпті дерт

Қан айналым жүйесі аурулары – жүрек пен қан тамырларының зақымдануымен байланысты аурулар тобы. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркті, инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары жатады. Бұл аурулар әлемде өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып саналады.
Қауіп факторлары:
🔹 жоғары қан қысымы;
🔹 темекі шегу;
🔹 дұрыс тамақтанбау;
🔹 қимыл-қозғалыстың аздығы;
🔹 артық салмақ;
🔹 қант диабеті;
🔹 күйзеліс;
🔹 алкогольді шамадан тыс пайдалану.
Назар аударуды қажет ететін белгілер:
✔ кеуде тұсының ауыруы немесе қысылуы;
✔ ентігу;
✔ жүрек қағысының жиілеуі немесе ырғақтың бұзылуы;
✔ бас айналу, әлсіздік;
✔ аяқ-қолдың ісінуі;
✔ қан қысымының тұрақты жоғарылауы.
Қан айналым жүйесі ауруларының алдын алудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салтын ұстану. Дұрыс тамақтаныңыз, тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысыңыз, темекі мен алкогольден бас тартыңыз, қан қысымыңызды, қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылап отырыңыз.
Жүрегіңізге қамқор болыңыз! Уақытылы профилактикалық тексеруден өтіп, денсаулығыңызды қорғаңыз.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу