Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
13.11.2026
Қан қысымын тұрақты бақылау;
Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, тұзды тұтынуды шектеу;
Күнделікті дене белсенділігін арттыру;
Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау;
Темекі шегуден бас тарту;
Қандағы қант пен холестерин деңгейін тексеріп тұру;
Дәрігердің ұсыныстарын орындау және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту.
Денсаулығыңызды бүгіннен бастап күтіңіз! Жүрегіңізге қамқор болыңыз!
ҚАН АЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘР АДАМНЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!
Қан айналым жүйесі аурулары (БСК) – жүрек пен қан тамырларының қызметіне әсер ететін аурулар тобы. Олардың қатарына артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркті, инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары жатады.
Қазіргі таңда бұл аурулар денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан олардың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және уақытылы медициналық көмекке жүгіну өте маңызды.
БСК ауруларының негізгі қауіп факторлары:
Қан қысымының жоғары болуы;
Қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы;
Қандағы қант мөлшерінің жоғары болуы;
Артық салмақ пен семіздік;
Қимыл-қозғалыстың аздығы;
Дұрыс тамақтанбау;
Темекі шегу және алкогольді тұтыну;
Созылмалы күйзеліс.
Аурулардың алдын алу үшін не істеу қажет?
Емхана мамандарының кеңесі
Емханада қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу және ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер, қан қысымын өлшеу, қауіп факторларын бағалау және медициналық кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.
Егер сізде жиі бас ауруы, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, ентігу немесе жүрек қағысының жиілеуі байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Кеуде тұсының кенеттен қатты ауыруы, ентігу немесе инсульт белгілері пайда болса, шұғыл түрде 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің маңызды қадамы!







