Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
06.10.2026
Құтырудың ең қауіпті ерекшелігі – аурудың клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін оның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан жануармен байланыстан кейін уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгіну өте маңызды.
Құтырудың алдын алу үшін:
Егер жануар тістеп немесе тырнап алса:
Жануардың сау немесе құтырғанын өз бетіңізше анықтауға болмайды. Тістеген жануар үй жануары болса да, медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмаңыз.
Құтырудың алдын алудың ең тиімді жолы – жануарлармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау және жануармен байланыстан кейін медициналық көмекті дер кезінде алу.
ҚҰТЫРУДАН САҚТАНАЙЫҚ!
Құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру көбіне құтырған немесе вирус жұқтырған жануардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің жарақаттанған теріге және шырышты қабатқа түсуі арқылы адамға жұғады.
үй жануарларын уақытылы ветеринарлық тексеруден өткізіп, құтыруға қарсы вакцинация жасатыңыз;
қараусыз және жабайы жануарларға жақындамаңыз;
жануардың мінез-құлқындағы әдеттен тыс өзгерістерге сақ болыңыз;
балаларға бейтаныс жануарларды ұстамау керектігін түсіндіріңіз;
үй жануарыңызды өз бетіңізше көшеге жібермей, бақылауда ұстаңыз.
Жараны дереу сабынмен және ағын сумен мұқият жуыңыз.
Жараны өз бетіңізше қатты таңып немесе тіктіріп тастамаңыз.
Мүмкіндігінше тез арада медициналық ұйымға жүгініңіз.
Дәрігердің тағайындауы бойынша құтыруға қарсы профилактикалық екпелерді толық алыңыз.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарайық! Құтырудан сақтанайық!







