Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
07.07.2026
Репродуктивті денсаулықты сақтау үшін:
Әйелдер үшін гинекологқа, ал ер азаматтар үшін уролог немесе андролог дәрігерге тұрақты қаралып тұру көптеген ауруларды ерте кезеңде анықтауға және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді. Ерте диагностика – тиімді емнің кепілі.
Жүктілікті жоспарлау кезінде болашақ ата-ананың екеуі де медициналық тексеруден өтіп, созылмалы ауруларды емдеп, дәрумендер қабылдау жөнінде дәрігердің кеңесіне жүгінгені дұрыс. Бұл ана мен нәрестенің денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық – тек бүгінгі емес, келешек ұрпақтың амандығына жасалған маңызды қадам. Денсаулығыңызды күтіңіз, дәрігерге уақытылы қаралыңыз және салауатты өмір салтын ұстаныңыз!
Репродуктивті денсаулық – болашақ ұрпақтың кепілі
Репродуктивті денсаулық – адамның дені сау ұрпақ сүйіп, толыққанды отбасылық өмір сүруіне мүмкіндік беретін физикалық, психикалық және әлеуметтік саулықтың маңызды құрамдас бөлігі. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – әрбір адамның болашағына салған ең құнды инвестициясы.
• профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өтіп тұру;
• дұрыс әрі теңгерімді тамақтану;
• тұрақты дене белсенділігімен айналысу;
• темекі, алкоголь және басқа да зиянды әдеттерден бас тарту;
• жеке бас гигиенасын сақтау;
• жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу;
• жүктілікті саналы түрде жоспарлау маңызды.







