Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
11.08.2026
Репродуктивті денсаулықты қалай сақтауға болады?
Дәрігерге тұрақты қаралыңыз. Әйелдер гинекологқа, ерлер уролог немесе андрологқа профилактикалық тексеруден өтіп тұрғаны жөн.
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан сақтаныңыз. Қауіпсіз жыныстық қатынас ережелерін сақтау және қажет болған жағдайда инфекцияларға тексерілу маңызды.
Өзін-өзі емдеуден аулақ болыңыз. Гормоналды препараттар, антибиотиктер және басқа да дәрілер дәрігердің кеңесінсіз қабылданбауы керек.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, жеткілікті ұйқы және зиянды әдеттерден бас тарту репродуктивті денсаулыққа оң әсер етеді.
Жүктілікті жоспарлау маңызды. Болашақ ата-ана жүктілікке алдын ала дайындалып, қажетті медициналық тексерулерден өткені дұрыс.
Қауіпті белгілерге мән беріңіз. Етеккір циклінің бұзылуы, жыныс мүшелері аймағындағы ауырсыну, әдеттен тыс бөлінділер, қышу немесе басқа да өзгерістер байқалса, дәрігерге уақытылы жүгіну қажет.
Есте сақтаңыз!
Репродуктивті денсаулық – болашаққа жауапкершілік
Репродуктивті денсаулық – адамның бала сүю мүмкіндігі ғана емес, әйелдер мен ерлердің жыныстық және репродуктивті жүйесінің дені сау болуы, қауіпсіз әрі саналы өмір салтын ұстануы.
Репродуктивті денсаулықты сақтау – әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық жасау – тек болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін емес, адамның жалпы өмір сапасы үшін де маңызды.
Өз денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз. Аурудың алдын алу және оны ерте анықтау – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолдарының бірі.
Деніңіз сау болса – болашағыңыз жарқын! 







