Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
26.11.2026
Шу қалалық емханасы ұлттық аккредиттеудің I санатына ие болды
Шу қалалық емханасы денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды жетістікке қол жеткізді. Медициналық ұйым «Денсаулық сақтаудағы сапа және аккредиттеу институты» тарапынан жүргізілген ұлттық аккредиттеу нәтижесінде I санатқа ие болды.
Аккредиттеу сертификаты емхананың медициналық қызмет көрсету сапасына, пациенттердің қауіпсіздігіне, ішкі жұмыс үдерістерінің тиімділігіне және белгіленген стандарттардың сақталуына берілген жоғары бағаның көрінісі.
Аталған сертификат 2026–2029 жылдар аралығына берілген.
Бұл жетістік – емхана ұжымының кәсіби біліктілігі мен ортақ еңбегінің, халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Осы орайда, емхананың барлық медицина қызметкерлерін маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да халық денсаулығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге табыс тілейміз!







