Шу қалалық емханасы
Емхана жаңалықтары
31.10.2026
«Таза Қазақстан»: Шу қалалық емханасының ұжымы сенбілікке белсене қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шу қалалық емханасының ұжымы жалпыхалықтық сенбілікке белсене атсалысты.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлері қоршаған ортаны абаттандыру, аумақтың тазалығын сақтау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізді. Ұжым мүшелері туған өлкенің көркеюіне үлес қосып, тазалық пен тәртіптің ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Аталған игі іске белсенді қатысып, қоғамдық бастаманы қолдағаны үшін емхана ұжымы Шу ауданы әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Қоршаған ортаны таза ұстау жолындағы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!








