Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
24.09.2026
Тұмаудың негізгі белгілері:
Тұмау кез келген адамға жұғуы мүмкін. Алайда балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар азаматтарда ауру асқынып, ауыр өтуі мүмкін.
Тұмаудан сақтанудың қарапайым жолдары:
тұмауға қарсы вакцина алу;
қолды сабынмен жиі әрі мұқият жуу;
адамдар көп жиналатын орындарда сақтық шараларын сақтау;
бөлмені жиі желдетіп, таза ауа кіргізу;
дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтау;
ауырған адамдармен жақын қарым-қатынасты шектеу;
жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен не шынтақтың бүгілген жерімен жабу.
Егер тұмауға ұқсас белгілер байқалса, өздігінен ем қабылдамай, мүмкіндігінше үйде болып, дәрігерге жүгінген жөн. Дәрігердің кеңесінсіз антибиотик қабылдауға болмайды, себебі антибиотиктер вирустарға әсер етпейді.
Есіңізде болсын: тұмаудың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі – вакцинация. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!
Денсаулығыңызды күтіңіз, аурудың алдын алыңыз!
ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!
Тұмау – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, ауа-тамшы жолы арқылы тез таралатын жұқпалы вирустық ауру. Әсіресе күз-қыс айларында тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар жиі кездеседі.
• дене қызуының көтерілуі;
• бас ауруы;
• әлсіздік, қалтырау;
• бұлшықет пен буындардың сырқырауы;
• тамақтың ауыруы;
• жөтел;
• мұрынның бітелуі немесе су ағуы.







