Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
30.07.2026
Улану – ағзаға улы заттардың, сапасыз тағамның, дәрі-дәрмектің немесе химиялық заттардың түсуінен болатын қауіпті жағдай. Жаз мезгілінде әсіресе тағамнан улану жиі кездеседі, себебі жоғары температурада азық-түлік тез бұзылады.
жүрек айну және құсу;
іштің ауыруы;
іш өту;
дене қызуының көтерілуі;
әлсіздік, бас айналу;
ауыр жағдайларда – есінен тану немесе тыныс алудың қиындауы.
Көп мөлшерде таза су немесе регидратациялық ерітінділерді жиі-жиі ішіңіз.
Дәрігердің кеңесі бойынша сорбенттерді (белсендірілген көмір және т.б.) қабылдауға болады.
Ауыр, майлы тағамдардан уақытша бас тартып, жеңіл ас ішіңіз.
Егер уланған адам есінен танып қалса, тыныс алуы қиындаса немесе белгілері күшейсе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
Тағамның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуыңыз.
Ет, балық және сүт өнімдерін дұрыс температурада сақтаңыз.
Қолды тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін міндетті түрде жуыңыз.
Күмәнді немесе бұзылған тағамды тұтынбаңыз.
Денсаулығыңызды қорғаңыз! Уланудың алғашқы белгілері байқалса, өздігінен емделмей, медициналық көмекке жүгініңіз.
Улану: белгілері, алғашқы көмек және алдын алу
Уланудың негізгі белгілері:
Алғашқы көмек:
Уланудың алдын алу:







