Шу қалалық емханасы

МӘМС

10.09.2026

Жамбыл облысына екі жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Жамбыл облысында шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Өңірге жалпы құны 1,1 млрд теңге болатын екі жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Жобаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржылай қолдау көрсетті. Кешендердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, арнайы гараж салынды.
Салтанатты рәсімге облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысып, сөз сөйледі.
Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа кешендердің бірі компьютерлік томография, екіншісі маммографиялық және ультрадыбыстық зерттеу жабдықтарымен қамтылғанын атап өтті. Мамандар заманауи медициналық көліктердің мүмкіндіктерін таныстырып, олардың шалғай елді мекендерге медициналық-диагностикалық қызметтерді жақындатудағы маңызын атап өтті.
Жылжымалы кешендер арқылы тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерде заманауи тексерулерден өтіп, ауруларды, соның ішінде онкологиялық сырқаттарды ерте анықтауға мүмкіндік алады.
Жоба ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, жоғары технологиялық диагностиканы халыққа барынша жақындатуға бағытталған.
Скрининг – сырқаттанбай тұрып, денсаулық жағдайын тексеру. Ол ауруды ерте кезеңде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Айта кетерлігі, елімізде онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесіндегі мәртебенің бар-жоғына қарамастан, барлық азаматтарға қолжетімді.
Денсаулығыңызды қорғаңыз – скринингтен уақытылы өтіңіз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу