Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
17.07.2026
2 аптадан астам уақытқа созылған жөтел;
Дене қызуының көтерілуі;
Әлсіздік, тез шаршағыштық;
Түнгі тершеңдік;
Тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту.
БЦЖ вакцинациясын уақытында алу;
Дұрыс әрі құнарлы тамақтану;
Таза ауада серуендеу және дене белсенділігі;
Жеке бас гигиенасын сақтау;
Жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өту;
Туберкулезбен ауыратын адаммен байланыста болған жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгіну.
Жасөспірімдер арасындағы туберкулездің алдын алу – әркімнің ортақ міндеті
Туберкулез – ауа-тамшы жолы арқылы таралатын жұқпалы ауру. Жасөспірімдердің иммунитеті әлсіреген жағдайда, дұрыс тамақтанбау, созылмалы шаршау немесе науқас адаммен ұзақ уақыт байланыста болу аурудың дамуына себеп болуы мүмкін.
Туберкулездің негізгі белгілері:
Осындай белгілер байқалса, өздігінен емделмей, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Алдын алу шаралары:
Туберкулез – дер кезінде анықталса, толық емделетін ауру.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіңіз!







