Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

04.09.2026

Жіті ішек инфекциялары: алдын алу жолдарын білейік!

Жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, көбіне бактериялар мен вирустар қоздыратын жұқпалы аурулар тобы. Инфекция лас қол, сапасыз немесе залалданған тағам мен ауызсу арқылы таралады. Әсіресе жазғы және күзгі кезеңде аурудың таралу қаупі артады.
Негізгі белгілері:
іштің ауыруы және бүріп ауыруы;
жүрек айну, құсу;
жиі және сұйық іш өту;
дене қызуының көтерілуі;
әлсіздік, тәбеттің төмендеуі;
ағзаның сусыздануы.
Аурудан қалай сақтануға болады?
🧼 Тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият жуыңыз.
💧 Тек қайнатылған немесе қауіпсіз ауызсуды пайдаланыңыз.
🥩 Ет, құс еті, жұмыртқа және басқа да тағамдарды толық термиялық өңдеуден өткізіңіз.
🥗 Шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз.
🧊 Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтап, жарамдылық мерзімін бақылаңыз.
🍎 Көкөністер мен жемістерді ағын сумен мұқият жуыңыз.
🚫 Белгісіз жерден дайындалған және сақталу жағдайы күмәнді тағамдарды тұтынбаңыз.
Маңызды! Іш өту мен құсу кезінде ағза көп мөлшерде сұйықтық жоғалтады. Сондықтан сұйықтықты аз-аздан, бірақ жиі қабылдау қажет. Әсіресе балаларда, қарт адамдарда және созылмалы ауруы бар жандарда сусыздану тез дамуы мүмкін.
Ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетінше ем қабылдамай, медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігердің кеңесінсіз антибиотик қолдануға болмайды.
Тазалық сақтау, қауіпсіз тағам мен сапалы ауызсуды пайдалану – жіті ішек инфекцияларының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу