Шу қалалық емханасы
Денсаулық сақтау жаңалықтары
23.06.2026
дене қызуының көтерілуі;
жүрек айну және құсу;
іштің ауыруы;
іш өту;
әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.
Жіті ішек инфекцияларынан сақ болыңыз!
Жіті ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Олар көбіне лас қол, сапасыз немесе дұрыс сақталмаған тағам, қайнатылмаған су арқылы таралады. Әсіресе жаз мезгілінде бұл аурулардың таралу қаупі артады.
Аурудың негізгі белгілері:
Жіті ішек инфекциялары балалар мен егде жастағы адамдар үшін аса қауіпті, себебі ағзаның сусыздануына алып келуі мүмкін.
Аурудың алдын алу үшін:
тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабындап жуыңыз;
жеміс-жидек пен көкөністерді мұқият жуыңыз;
тек таза әрі қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
тағамдарды сақтау талаптарын сақтаңыз;
көшеде сатылатын сапасы күмәнді тағамдарды тұтынбаңыз.
Егер жоғарыда аталған белгілер байқалса, өздігінен ем қабылдамай, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Денсаулық – ең басты байлық. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, жіті ішек инфекцияларының алдын алыңыз!







