Шу қалалық емханасы

Денсаулық сақтау жаңалықтары

27.08.2026

ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ: ҚАРАПАЙЫМ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) – бактериялар, вирустар және басқа да қоздырғыштар әсерінен пайда болатын, асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Инфекция көбіне ластанған су мен тағам, жуылмаған көкөніс-жемістер, сондай-ақ жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамау арқылы таралады.
Қазіргі уақытта ауа температурасының жоғары болуы тағам мен суда инфекция қоздырғыштарының көбеюіне қолайлы жағдай туғызатындықтан, сақтық шараларына ерекше мән берген жөн.
ЖІИ кезінде қандай белгілер байқалады?
Аурудың негізгі белгілеріне:
іштің ауыруы;
іш өту;
жүрек айну және құсу;
дене қызуының көтерілуі;
әлсіздік, шөлдеу жатады.
Кей жағдайларда нәжісте қан байқалуы мүмкін. Белгілер пайда болған кезде өздігінен ем қабылдамай, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Инфекциядан қалай қорғануға болады?
✅ Қолыңызды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз. Әсіресе тамақ ішер алдында, тамақ дайындамас бұрын және дәретханадан кейін қол жууға мән беріңіз.
✅ Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі қауіпсіз ауыз суды пайдаланыңыз.
✅ Жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында ағынды сумен мұқият жуыңыз.
✅ Ет, құс еті, жұмыртқа және басқа да өнімдерді жеткілікті деңгейде термиялық өңдеуден өткізіңіз.
✅ Шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтап, тағамның жарамдылық мерзімі мен сақтау жағдайын қадағалаңыз.
✅ Азық-түлікті тек белгіленген, санитариялық талаптарға сай сауда орындарынан сатып алыңыз.
✅ Белгісіз су көздерінен су ішпеңіз және рұқсат етілмеген су айдындарында шомылмаңыз.
Есте сақтаңыз! Жіті ішек инфекциясының алдын алуда күнделікті қарапайым гигиеналық әдеттердің маңызы зор. Әсіресе балалардың қол тазалығына, ішетін суы мен тұтынатын тағамының сапасына ерекше көңіл бөлген дұрыс.
Ауру белгілері байқалса, уақыт жоғалтпай емханаға жүгініңіз. Өз бетіңізше дәрі қабылдамаңыз!

Бас дәрігер

Инкарбекова Гаухар Меркибековна Сәлемдесу